22-қазан
Халықаралық мектеп кітапханасының күні. 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімімен тойлана бастады. Бұл атаулы күнді Мектеп кітапханасының халықаралық ассоциациясының (International Association of School Librarianship, IASL) президенті Бланш Вуллз жария етті. 2005 жылы бұл мейрамды ресмилендірген ассоциацияның жаңа басшысы Питер Дженко болатын. Ал 2008 жылы бұл атаулы күн жаңа деңгейге көтеріліп, қаңтар айында жобаның үйлестірушісі Рик Малхолланд айлық күнді өткізіп тұру керектігін мәлімдеді. Дәл осы жылдың қазан айында алғаш рет халықаралық мектеп кітапханасының айлық мерекесі «Сауаттылық пен білім – сіздің мектеп кітапханаңызда» деген атпен өтті. Содан бері тойланып келе жатқан осы күн біздің елімізде де елеусіз қалмайды.
Дағыстанның Мемлекеттік мейрамы - Ақ тырналар мерекесі. Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен, поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде. Аталған мереке бүгінде өз жалғасын табуда.
Ресей жарнама қызметкерлерінің күні. Барлық жарнамашылар, осы саладағы нарық пен қоғаммен жұмыс (PR) жүйесіндегі қызметкерлер мейрамы. Бұл мейрам Ресей жарнама қызмткерлеріне ранлаған. Осы күнде жарнама қызметкерлеріне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, деңгейінше атап өтіледі.
Маршалл Аралдары, Келісім күні
Маршалл Аралдары Республикасы — Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 181 км². Халқы 68 мың (2000). Халқының көпшілігі микронез. нәсілдік түрге жататын маршалдықтар. Ресми тілі — ағылшын тілі. Діні — христиан-протестант. Астанасы —Маджуро қ. М. А. Р. — президенттік республика. Жоғ. заң шығарушы билікті қос палаталы парламент жүзеге асырады. ұлттық мейрамы — Конституция күні — 1 мамыр (1979). Ақша бірлігі — АҚШ долл. М. А. Р. 1991 жылдан Бұұ-ға мүше.
2012 жылы Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тіл айлығы аясында ұлттарды топтастырудың рухани өзегіне айналған тілді насихаттау, халықтар достастығы мен бірлігін нығайту мақсатында аудандарда (қала) өткен Тіл фестивалінің қорытындысына арналған «Өнер алды – қызыл тіл» атты облыстық Тіл фестивалін өткізді.
Мәдениет сарайында «Тарих пен тіл – тамырлас» тақырыбында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына байланысты Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, аудан, қалалардың көрмесі ұйымдастырылды.