Жаңалықтар

18-қазан

Рухани келісім күні. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні  деп жариялау туралы манифест қабылдады.  1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі. Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Әзербайжан - Азияның батысында Кавказ аймағында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстігінде Иранмен, батысында Армениямен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Мемлекеттік тілі - азербайжан тілі. Ақша бірлігі - манат. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды. 1926 жылы  Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды. 1951 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Қазақ КСР халық соттарын сайлау туралы ереже бекітілді.  1992 жылы  Алматыда рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгрес өтті. Оған дүние жүзіндегі аса ірі діни ағымдардың өкілдері, танымал рухани ілім басшылары, ғалымдар, жазушылар, оқу-ағарту және мәдениет қайраткерлері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, ТМД елдерінен келді. 1997 жылы Алматыдағы 8 март көшесіне Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді. 1918 жылы  Чехословак телеграф агенттігі құрылды. 1992 жылғы қазанда 21-індегі парламент заңына сәйкес Чех телеграф агенттігі (ЧТА) болып қайта құрылды. 1939 жылы  Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрылған. Аудан орталығы - Ұлытау селосы. Аудан жері Сарыарқаның төбелі-қырқалы, аласа таулы (Ұлытау, Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр) батыс бөлігін қамтиды. Аудан құрамына 15 ауылдық округ және 25 елді мекен кіреді. 1994 жылы  18-19 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Түркия) басшылары жоғары дәрежедегі екінші басқосуларына қатысты. Кездесу барысы Стамбул декларациясын қабылдаумен аяқталды. 2004 жылы  Алматыда «Деректі фильмнен көркем киноға дейін» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Авторы - іскерлік әкімшілік басқарудың докторы, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мақат Садық. Кітап тек кәсіби кинематографистерге ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің дамуына қызығушылықпен қарайтын бұқаралық оқырмандарға арналған. 2007 жылы  Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан Республикасы Олимпиадалық дайындық орталығы (ОДО) ашылды. Қазақстанда 3 ОДО жұмыс істейді. Олар - бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан. Талдықорған өзінің трассаларында қазақстандық велоспорт мектебінің ең таңдаулы тәрбиеленушілерін қабылдау құрметіне ие болды. Қала әлемге дарынды веложүйріктер - Бондаренконың, Кухарскийдің, Жарковтың, Кивилевтің арқасында танымал болды. Алматы облысының орталығында велоспорттан олимпиада базасы орналасуы үшін барлық жағдай бар. Ал облыс басшылығы спорттың бұл түріне жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.
26.08.2013 05:02 4308

Рухани келісім күні. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні  деп жариялау туралы манифест қабылдады.  1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Әзербайжан - Азияның батысында Кавказ аймағында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстігінде Иранмен, батысында Армениямен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Мемлекеттік тілі - азербайжан тілі. Ақша бірлігі - манат.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.

1926 жылы  Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.

1951 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Қазақ КСР халық соттарын сайлау туралы ереже бекітілді.

 1992 жылы  Алматыда рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгрес өтті. Оған дүние жүзіндегі аса ірі діни ағымдардың өкілдері, танымал рухани ілім басшылары, ғалымдар, жазушылар, оқу-ағарту және мәдениет қайраткерлері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, ТМД елдерінен келді.

1997 жылы Алматыдағы 8 март көшесіне Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.

1918 жылы  Чехословак телеграф агенттігі құрылды. 1992 жылғы қазанда 21-індегі парламент заңына сәйкес Чех телеграф агенттігі (ЧТА) болып қайта құрылды.

1939 жылы  Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрылған. Аудан орталығы - Ұлытау селосы. Аудан жері Сарыарқаның төбелі-қырқалы, аласа таулы (Ұлытау, Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр) батыс бөлігін қамтиды. Аудан құрамына 15 ауылдық округ және 25 елді мекен кіреді.

1994 жылы  18-19 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Түркия) басшылары жоғары дәрежедегі екінші басқосуларына қатысты. Кездесу барысы Стамбул декларациясын қабылдаумен аяқталды.

2004 жылы  Алматыда «Деректі фильмнен көркем киноға дейін» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Авторы - іскерлік әкімшілік басқарудың докторы, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мақат Садық. Кітап тек кәсіби кинематографистерге ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің дамуына қызығушылықпен қарайтын бұқаралық оқырмандарға арналған.

2007 жылы  Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан Республикасы Олимпиадалық дайындық орталығы (ОДО) ашылды.

Қазақстанда 3 ОДО жұмыс істейді. Олар - бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан. Талдықорған өзінің трассаларында қазақстандық велоспорт мектебінің ең таңдаулы тәрбиеленушілерін қабылдау құрметіне ие болды. Қала әлемге дарынды веложүйріктер - Бондаренконың, Кухарскийдің, Жарковтың, Кивилевтің арқасында танымал болды.

Алматы облысының орталығында велоспорттан олимпиада базасы орналасуы үшін барлық жағдай бар. Ал облыс басшылығы спорттың бұл түріне жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға