15-қазан
Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күні. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар ұйымының 4-ші әйелдер конференциясында ұсынылды және сол жылдан бастап атап өтіледі.
Ауыл әйелдері жер шары тұрғындарының ширектен астамын құрайды және азық-түлік өнімдерін өндіруде, сонымен қатар ауылдық жерлердің дамуы мен тұрақтылығына көп септігін тигізеді. Дегенмен олар маңызы зор несие алу, білім алу сияқты қызмет түрлерін алуға мүмкіндіктері аз. Бүгінде әлемде 500 миллион ауыл әйелдері кедейшілікте өмір сүреді.
Бүкіләлемдік қол жуу күні
Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), қазанның 15-ін Бүкіләлемдік қол жуу күні деп жариялады.
Қолды сабынмен жуу - жыл сайын 3,5 миллион балалар өмірін қиятын түрлі аурулардың алдын алудағы неғұрлым тиімді және үнемді дауалардың бірі.
Бүкіләлемдік қол жуу күні санитарлық тазалық пен гигиеналық дағдыларға шақырады.
1961 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Астана) Тың игерушілер сарайының құрылысы басталып, 1963 жылы аяқталды.
1999 жылы қалалық әкімшілік шешімімен Алматы қаласының кітапханалар күні белгіленді.
2004 жылы Башқұртстан Республикасының Президенті Мұртаза Рахимов сапармен Қазақстан Республикасына келді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі БҰҰ-ның 60 жылдығына орай 100 теңгелік мерекелік ақшаны айналымға шығарды. Ол Қазақстан теңге сарайында жасалған. 100 теңгелік мерекелік күміс ақшаның диаметрі - 24,5 мм, қалыңдығы - 1,9 мм. Ал, салмағы - 6,45 грамды құрайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы наурыздың 2-сінде 46-шы сессияда мүше боп қабылданған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы күні жыл сайын қазанның 24-інде ресми түрде аталып өтеді.
2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды.
Агенттікке бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.
2009 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 35-ші сесиясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесі; Коммуникацияны дамытудың Халықаралық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі; «Адам және Биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі; Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комитет, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері бойынша Комитет бюросы болып 4 жылға сайланды.
2009 жылы Оралдағы «Қазақстан» кинотеатрында «Біржан сал» көркем фильмінің таныстырылымы болды. Бұл - белгілі кино актері Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретіндегі тұңғыш туындысы. Оның үстіне басты роль - Біржан бейнесінде Досханның өзі ойнайды. Режиссердің айтуынша, қазақтың Көкшедей көркем жерінде табиғаттың өзі оң қабақ танытып түсірілген фильмге актерлер іріктеліп алынды.
431 жыл бұрын (1581) француз королевасы Екатерина Медичидің өтінішімен Парижде бірінші балет қойылды.
346 жыл бұрын (1666) ағылшын королі Чарльз II үстіне жилет киіп, жаңа сән үлгісін шығарды.