12-қазан
Испанияның Мемлекеттік мейрамы - испан ұлтының күні. Бұл күн- Х.Колумбтың Американы ашқан жылының құрметіне орай атап өтеді (1492). Қазақстан Республикасы мен Испан Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 11-інде орнатылды.
Экваторлық Гвинея Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Астанасы - Конакри қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Экваторлық Гвинея - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Гвинея-Бисау, Сенегал, Малимен, шығысында және оңтүстік-шығысында Кот-д' Ивуармен, оңтүстігінде Либерия, Сьерра-Леонмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Ақша бірлігі - гвинея франкі.
1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды. Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді.
1997 жылы Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.
2005 жылы Астрахан облысы Володар ауданындағы Алтынжар селосында ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекетаралық мәдени орталық ашылды. Киіз үй пішіндес ғимаратта Құрманғазының мұражайы, қазіргі заманғы қонақүй және музыка бөлмесі орналасқан. Соңғысында домбыра, фортепьяно, баян және теориялық музыка сыныптары бар. Ал мұражайға 19 ғасырдағы қазақ тұрмысының жәдігерлері, Құрманғазының киімдері мен тұтынған заттары қойылған.
1968 жылы Мехикода олимпиадалық ойындар басталды. Бұл ойындардың бұрынғыдан ерекшелігі таулы аймақта өткізілгендігінде.
2004 жылы Қазақстан білім мен ғылым қызметкерлерінің үшінші съезі өткізіліп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың проблемалары мен негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі.