Жаңалықтар

10-қазан

Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын мерекелік күндердің бірі. Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні - Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының шешімімен 1992 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Бұл атаулы күн біздің мемелекетімізде де өткізіледі. Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні. Астанасы - Гавана қаласы. Ақша бірлігі - Куба песосы. Ресми тілі - испан тілі. . Куба - Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығындағы Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан мемлекет.  1976 жылғы қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі. Фиджи Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1970). Фиджи - Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Ел 300-ден астам аралдардың 100-де орналасқан. Астанасы - Сува қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. 1997 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты ел дамуының стратегиялық жоспары болып табылатын еңбегі дүниеге келді.   1993 жылы  «Итоги» ақпараттық бағдарламасымен НТВ телекомпаниясы көременлерге жол тартты. 1962 жылы  Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін шығарды.   1999 жылы  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттар сайлауы, соның ішінде партиялық тізіммен де өтті.   2006 жылы Запорожьеде (Украина) Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды.   2008 жылы  Астана қаласының Халықаралық әуежайында «Борбардье» корпорациясының CRJ ұшағының тұсаукесері өтті. 2003 жылы  Алматыда «Религии мира. Культовые сооружения» атты көркем пошта маркаларының таныстырылымы өтті. Екі маркада филателисттердің қызығушылығын арттырады және әлем діндеріне арналған алғашқы серия болып табылады. Маркаларда Қазақстанда ең көп тараған екі дін бейнеленген: олар Алматының орталық мешіті және Вознесенский кафедралдық шіркеуі. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалардың таралымы - 70 мың дана, құны - 50 теңге. 2008 жылы  Мәскеуде Ресей ғылым академиясының «Шығыс әдебиеті» баспасынан «Қазақ тілі» кітабы жарық көрді. Оқулық М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Кавказ және Орталық Азия оқу-ғылыми орталығында дайындалған. Оқу құралы Ресей ғылым академиясы Тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, ММУ профессоры Кеңесбай Мұсаевтың орыс тілді оқушыларға қазақ тілін үйрету жөніндегі көпжылдық тәжірибесіне негізделген. Ол - «Қазақ тілі оқулығы» мен «Фонетикалық курстан» тұратын оқу-әдістемелік топтама. Мұнда тілді бастапқы үйренуге қажетті формалар, яғни грамматикалық, қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттер мен күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер берілген. 95 жыл бұрын (1911) Қытайда монархия құлап, Сунь Ят Сен республика жариялады.  
26.08.2013 05:01 3815

Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын мерекелік күндердің бірі. Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні - Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының шешімімен 1992 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Бұл атаулы күн біздің мемелекетімізде де өткізіледі.

Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні. Астанасы - Гавана қаласы. Ақша бірлігі - Куба песосы. Ресми тілі - испан тілі. . Куба - Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығындағы Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан мемлекет.

 1976 жылғы қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

Фиджи Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1970). Фиджи - Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Ел 300-ден астам аралдардың 100-де орналасқан. Астанасы - Сува қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі.

1997 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты ел дамуының стратегиялық жоспары болып табылатын еңбегі дүниеге келді.
 

1993 жылы  «Итоги» ақпараттық бағдарламасымен НТВ телекомпаниясы көременлерге жол тартты.

1962 жылы  Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін шығарды.
 

1999 жылы  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттар сайлауы, соның ішінде партиялық тізіммен де өтті.
 

2006 жылы Запорожьеде (Украина) Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды.
 

2008 жылы  Астана қаласының Халықаралық әуежайында «Борбардье» корпорациясының CRJ ұшағының тұсаукесері өтті.

2003 жылы  Алматыда «Религии мира. Культовые сооружения» атты көркем пошта маркаларының таныстырылымы өтті.
Екі маркада филателисттердің қызығушылығын арттырады және әлем діндеріне арналған алғашқы серия болып табылады. Маркаларда Қазақстанда ең көп тараған екі дін бейнеленген: олар Алматының орталық мешіті және Вознесенский кафедралдық шіркеуі. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалардың таралымы - 70 мың дана, құны - 50 теңге.

2008 жылы  Мәскеуде Ресей ғылым академиясының «Шығыс әдебиеті» баспасынан «Қазақ тілі» кітабы жарық көрді. Оқулық М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Кавказ және Орталық Азия оқу-ғылыми орталығында дайындалған. Оқу құралы Ресей ғылым академиясы Тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, ММУ профессоры Кеңесбай Мұсаевтың орыс тілді оқушыларға қазақ тілін үйрету жөніндегі көпжылдық тәжірибесіне негізделген. Ол - «Қазақ тілі оқулығы» мен «Фонетикалық курстан» тұратын оқу-әдістемелік топтама. Мұнда тілді бастапқы үйренуге қажетті формалар, яғни грамматикалық, қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттер мен күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер берілген.
95 жыл бұрын (1911) Қытайда монархия құлап, Сунь Ят Сен республика жариялады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға