Жаңалықтар

7-қазан

Қырғызстан азаматтық авиациясы күні. Бұл атаулы күн Қырғызстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы қазанның 3-гі қаулысымен бекітілген болатын. Сол күнен бастап аталмыш мереке қызрғызадарда тұрақты түрде аталып өтіледі. 1946 жылы  Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан - Сара» операсының премьерасы сахна төрінен көрінді. Операның авторы М.Төлебаев, либреттосын Қ.Жұмалиев жазған. «Біржан-Сара» операсында Біржан бейнесін Ә.Үмбетбаев сомдаса, Сараны К.Байсейітова ойнады. Аталмыш қойылым - көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне XIX ғасырда өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан сал мен Сара ақынның айтысы алынған. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген. 1999 жылы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже дайындалып, бекітілді. 1999 жылы  Берлин көшелерінің біріне қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілді. 2004 жылы  Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі өз жұмысын бастады. Бұл оқу орны жыл сайын Қазақстан қалалары мен алыстағы ауылдардың педагогикалық кадрларын мұғалімдер қамтамасыз етеді. Колледж мұражайында оқу орны түлектерінің суреттері, сол жерден тәлім алған Қазақстанның білім беру ісінің белгілі қайраткерлерінің кітаптары мен естелік суреттері  сақтаулы. Қазіргі заманда педагогикалық колледж бастауыш класс мұғалімдерінен басқа да қазақ және шетел тілдері оқытушыларын, информатика, әлеуметтік педагогтарды, балалар бақшасы тәрбиешілері мамандарын даярлайды. 2004 жылы  7-9 қазан аралығында Латвия Республикасының Президенті Вайре Вике-Фрейбергтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Келіссөздердің қорытындысында серіктестік қатынастарды жандандыруға бағытталған бірнеше құжаттарға қол қойылды. 2004 жылы  Алматыда өткен «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» романның тұсаукесер рәсімі өтті. Оның ішінде  Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара», Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кiтаптар», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Николай Веревочкиннің «Зуб мамонта» және  Илья Одеговтің «Звук, с которым встает солнце» атты романдары жеңімпаз атанды. Сайыс «Мәдениет және өнер» ұлттық бағдарлама шегінде «Сорос-Қазақстан» қорымен өткізілген болатын. Сайыс Қазақстанда әдеби үрдістерді жандандыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. 1884 жылы  Флоридада алғаш рет тіс щеткасын өндіру жолға қойылды. Алғашқы тіс щеткасы 505 жылы Қытай императорына арналып жасалған болатын. Қазір оның түр-түрі шықты. Егенмен олардың қызметі бір. Қандай тіс щеткасы болмасын, тіс пен қызылекті тазартуға арналған. 1977 жылы  КСРО Кеңес Одағы тоғызыншы шақырылымының кезектен тыс VII сессиясында жаңа және ең соңғы КСРО Конституциясы (Ата Заң) қабылданды. 2005 жылы  Орталық Азиялық ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ЕурАзЭҚ-тың біріктірілуі туралы шешім қабылданды. 1931 жылы  алғаш рет инфрақызыл сурет жасалды.
26.08.2013 05:01 3280

Қырғызстан азаматтық авиациясы күні. Бұл атаулы күн Қырғызстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы қазанның 3-гі қаулысымен бекітілген болатын. Сол күнен бастап аталмыш мереке қызрғызадарда тұрақты түрде аталып өтіледі.

1946 жылы  Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан - Сара» операсының премьерасы сахна төрінен көрінді. Операның авторы М.Төлебаев, либреттосын Қ.Жұмалиев жазған. «Біржан-Сара» операсында Біржан бейнесін Ә.Үмбетбаев сомдаса, Сараны К.Байсейітова ойнады. Аталмыш қойылым - көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне XIX ғасырда өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан сал мен Сара ақынның айтысы алынған. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.

1999 жылы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже дайындалып, бекітілді.

1999 жылы  Берлин көшелерінің біріне қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілді.

2004 жылы  Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі өз жұмысын бастады. Бұл оқу орны жыл сайын Қазақстан қалалары мен алыстағы ауылдардың педагогикалық кадрларын мұғалімдер қамтамасыз етеді. Колледж мұражайында оқу орны түлектерінің суреттері, сол жерден тәлім алған Қазақстанның білім беру ісінің белгілі қайраткерлерінің кітаптары мен естелік суреттері  сақтаулы. Қазіргі заманда педагогикалық колледж бастауыш класс мұғалімдерінен басқа да қазақ және шетел тілдері оқытушыларын, информатика, әлеуметтік педагогтарды, балалар бақшасы тәрбиешілері мамандарын даярлайды.

2004 жылы  7-9 қазан аралығында Латвия Республикасының Президенті Вайре Вике-Фрейбергтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Келіссөздердің қорытындысында серіктестік қатынастарды жандандыруға бағытталған бірнеше құжаттарға қол қойылды.

2004 жылы  Алматыда өткен «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» романның тұсаукесер рәсімі өтті. Оның ішінде  Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара», Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кiтаптар», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Николай Веревочкиннің «Зуб мамонта» және  Илья Одеговтің «Звук, с которым встает солнце» атты романдары жеңімпаз атанды. Сайыс «Мәдениет және өнер» ұлттық бағдарлама шегінде «Сорос-Қазақстан» қорымен өткізілген болатын. Сайыс Қазақстанда әдеби үрдістерді жандандыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

1884 жылы  Флоридада алғаш рет тіс щеткасын өндіру жолға қойылды. Алғашқы тіс щеткасы 505 жылы Қытай императорына арналып жасалған болатын. Қазір оның түр-түрі шықты. Егенмен олардың қызметі бір. Қандай тіс щеткасы болмасын, тіс пен қызылекті тазартуға арналған.

1977 жылы  КСРО Кеңес Одағы тоғызыншы шақырылымының кезектен тыс VII сессиясында жаңа және ең соңғы КСРО Конституциясы (Ата Заң) қабылданды.

2005 жылы  Орталық Азиялық ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ЕурАзЭҚ-тың біріктірілуі туралы шешім қабылданды.

1931 жылы  алғаш рет инфрақызыл сурет жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға