Жұма күні Microsoft компаниясының акциялары 7,3 пайызға қымбаттады
24.08.2013 13:18
3231
Сауданың жабылуы кезінде компьютерлерге операциялық жүйені өндіруші әлемдегі ірі компанияның нарықтық капиталдандыруы 289 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал Apple Inc. компаниясының капиталдандыруы 455 млрд. долларға тең.
Қазіргі кезде Microsoft мобильді құрылғылар нарығында қалыс келуде және осы кемшілігін қиыншылықпен еңсеруде. Алайда, Windows бұрынғысынша компьютерлер нарығында басымдыққа ие болып отыр. Дегенмен де Microsoft смартфондар мен планшеттердің нарығында осындай табысқа қол жеткізе алмауда.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас қалада алғаш рет бірегей кимоно көрмесі өтеді