Жаңалықтар

28-қараша

Мавритания Ислам Республикасының  Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Мавритания - Африка құрлығының солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Батыс Сахарамен, Алжирмен, шығысында Малимен, Сенегалмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Нуакшот қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - угия. Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігінің және байрағының күні (1912). Албания - Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Сербия, Черногориямен, шығысында Македония Республикасымен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Мали, Сенегалмен, батысында Адриат теңізімен шектеседі. Астанасы - Тирана қаласы. Ақша бірлігі - лек. 1998 жылы  Ұлыбританияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді. 2005 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында осы заманғы жаңа кеден терминалының ашылу салтанаты болды. «Қазығұрт» кеден бекеті Сарыағаш ауданындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан. Бұл бекет - Оңтүстік Қазақстанда салынған үшінші кеден терминалы. Ол «Жібек жолы» және «Ғани Мұратбаев» бекеттері сияқты «бір аялдама» ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Кешен контрабандалық тауарларды, оның ішінде, есірткілерді де тауып алуға, құжаттар мен ақша банкноттарының растығын тексеруге мүмкіндік беретін осы заманғы құралдармен жабдықталған. 2005 жылы  Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Жоба құны үш миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт күніне 300 тоннаға дейін күрішті қайта өңдеп және қаптай алады.  2006 жылы  Алматыда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің «Өмір үшін» атты жаңа кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті. Кітапта ардагер майдангердің жас толқынды елін, жерін, халқын сүйіп, оны қорғауға үндейтін әскери және бейбіт тақырыптағы бірқатар өлеңдері мен мақалалары келтірілген. 2008 жылы  Талдықорғанда Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облыстық бөлімінің Достық үйі ашылды. Бүгінгі күні мұнда барлық 23 аудандық ұлттық-мәдени орталықтардың кеңселері орналасқан. Бұл ғимаратта мемлекеттік тілді ғана емес, басқа да ұлттар тілін үйренуге мүмкіндік беретін мультимедиалық және лингофондық орталық, дыбыс жазу студиясы, би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 50 орындық «дөңгелек үстелдер» өткізетін конференц залы, 70 орындық кафе бар. Бас сәулетшісі - Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев. Ғимараттың жалпы көлемі - 4207 шаршы метр. 2007 жылы  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтің бастамасымен шығарылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті үлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптың тең авторлары елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер болып табылады. Олардың ішінде Жансейіт Түймебаев, Игорь Рогов, Сергей Дьяченко және т.б. бар.  2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
23.08.2013 09:54 3849

Мавритания Ислам Республикасының  Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Мавритания - Африка құрлығының солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Батыс Сахарамен, Алжирмен, шығысында Малимен, Сенегалмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Нуакшот қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - угия.

Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігінің және байрағының күні (1912). Албания - Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Сербия, Черногориямен, шығысында Македония Республикасымен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Мали, Сенегалмен, батысында Адриат теңізімен шектеседі. Астанасы - Тирана қаласы. Ақша бірлігі - лек.

1998 жылы  Ұлыбританияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.

2005 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында осы заманғы жаңа кеден терминалының ашылу салтанаты болды. «Қазығұрт» кеден бекеті Сарыағаш ауданындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан. Бұл бекет - Оңтүстік Қазақстанда салынған үшінші кеден терминалы. Ол «Жібек жолы» және «Ғани Мұратбаев» бекеттері сияқты «бір аялдама» ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Кешен контрабандалық тауарларды, оның ішінде, есірткілерді де тауып алуға, құжаттар мен ақша банкноттарының растығын тексеруге мүмкіндік беретін осы заманғы құралдармен жабдықталған.

2005 жылы  Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Жоба құны үш миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт күніне 300 тоннаға дейін күрішті қайта өңдеп және қаптай алады. 

2006 жылы  Алматыда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің «Өмір үшін» атты жаңа кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті. Кітапта ардагер майдангердің жас толқынды елін, жерін, халқын сүйіп, оны қорғауға үндейтін әскери және бейбіт тақырыптағы бірқатар өлеңдері мен мақалалары келтірілген.

2008 жылы  Талдықорғанда Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облыстық бөлімінің Достық үйі ашылды.

Бүгінгі күні мұнда барлық 23 аудандық ұлттық-мәдени орталықтардың кеңселері орналасқан. Бұл ғимаратта мемлекеттік тілді ғана емес, басқа да ұлттар тілін үйренуге мүмкіндік беретін мультимедиалық және лингофондық орталық, дыбыс жазу студиясы, би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 50 орындық «дөңгелек үстелдер» өткізетін конференц залы, 70 орындық кафе бар.

Бас сәулетшісі - Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев. Ғимараттың жалпы көлемі - 4207 шаршы метр.

2007 жылы  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтің бастамасымен шығарылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті үлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітаптың тең авторлары елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер болып табылады. Олардың ішінде Жансейіт Түймебаев, Игорь Рогов, Сергей Дьяченко және т.б. бар.

 2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға