6-қазан
Дүниежүзілік табиғи ортаны қорғау күні. 1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған табиғи ортаны қорғау туралы Конвенция аумағында бектілді. Осы күні және UNEP және БҰҰ-ның Экологиялық бағдарламасы құрылды, ол қазіргі уақытта Қоршаған орта күнінің негізгі ұйымдастырушы және идеологиясы болып табылады. Халықаралық сарапшылардың деректері бойынша үш мың жылдықтың бас кезінде 25 мың өсімдік және жануар жер бетінен мәңгілікке жоғалып кетті, 20 миллион гектар орманға залал келді. Ғаламдық урбанизация, техниканың жетістігі, компьютерлеу, автоматтандыру адамзатқа кері залалын алып келді. Біз қазіргі кезде пластик, шыны және бетон әлемінде өмір сүре отырып, бізді қоршаған табиғи ортадан көбірек алшақтаудамыз. Атап айтқанда адамның табиғатпен үйлесімділігі нағыз тыныштық және татулықты табады. Нақты айтатын болсақ, қоғамның назарын экология проблемаларына кең тарту үшін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні өткізіледі.
Беларусьтегі мұрағатшы күні. Өз жұмысын 1863 жылдан бастаған тұңғыш орталықтандырылған мемлекеттік мұрағат - Витебск көне актілер кітаптарының орталық мұрағаты.
Египеттің әскері күні (Қарулы күштер күні). 1973 жылы дәл осы күні Египет әскері Суэц каналын кешіп өтіп, израильдік әскерлерге шабуыл жасады. Осылайша олар Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды.
Бүкіләлемдік мекендеген жерді қорғау күні (World Hospice and Palliative Care Day).
Бүкіләлемде қазанның 6-ы күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1979 жылы Еуропаның жабайы флорасы мен фаунасын және мекендеген жерлерін қорғау туралы конференциясының шеңберінде бекітілген.
2005 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Черное ауылындағы бір көшеге бұрынғы кеңшардың директоры Мұхтар Арыновтың есімі берілді. ХХIII партсъезд атындағы кеңшарды 18 жыл бойы басқарған, ол ауылдастарының мұқтаждарына көңіл бөліп отырған. Ол басқарған шаруашылық жоғары көрсеткіштерге жетті, Черное ауылының көшелеріне асфальт төселіп, мектеп, және шаруашылықтың жұмыскерлеріне ыңғайлы үйлер салынды. Ауылдастарының М.Арыновтың есімін мәңгі есте сақтап қалу ниетін жергілікті билік өкілдері қолдады.
1971 жылы кеңсе ішіндегі бір компьютерден екіншісіне локалдық жүйе арқылы тұңғыш рет электрондық жолдау хат жіберілді. Мұны американдық BBN Technologies компаниясының инженері Рэй Томлинсон жүзеге асырған болатын.
«ҚазАқпарат»