Жаңалықтар

18-қараша

Латвия Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республиканың құрылған күні (1918). Латвия Республикасы үкіметінің бірінші басшысы болып Карлис Улманис сайланды. Ол кезде Латвия аймағында қызықты жағдай қалыптасқан еді. Бұл мемлекетті шын мәнінде немістер басқарып тұрды, жыл соңында Латвия айлақтарына ағылшынның әскери кемелері келіп кіре бастады, сонымен бірге оның үлкен бөлігінде Кеңес өкіметі орнаған болатын. Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы желтоқсанның 10-ында орнатылды. Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні. Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады. ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады. 1999 жылы  Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді. 1999 жылы  Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырау Қалқаманұлына ескерткіш орнатылды. 2004 жылы  Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет Ипотекалық брокерлер мектебі ашылды. Бастамашы әрі ұйымдастырушылары - «БТА-Ипотека» компаниясы мен Коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығы (КЖМО). Мектептің басты міндеті - банктер мен риэлторлық компаниялар арасындағы шыңырауды толықтай жабу. Ипотекалық несиелендіру бойынша әрбір банктің жеке өзіндік жағдайлары бар екені жасырын емес. Сондықтан қолайлы жүйе таңдап алу үшін халыққа қолайлы деп тапқан банктерінің әрқайсысынан жеке-жеке кеңес алуына тура келеді. Енді Ипотекалық брокерлер мектебінің аттестаты негізінде жұмыс істейтін кәсіби делдалдардың қызметіне жүгінсеңіз болды. 2004 жылы  Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және политология факультетінде Бүкіләлемдік философия күніне орайластырылған «ХХІ ғасырдағы философиялық мәдениеттер үн қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Бұл шарадан басқа көрнекті ғалымдардың, оқытушылардың және студенттердің қатысуымен әдеби-шығармашылық «Даналық көзбен» вернисажы, «Ақыл-ой мен сезімдер өрнегі» мюзикл қойылымдар марафоны, философия бөлімшесінің үздік эмблемасы мен логотипі сайысы, студенттер мен оқытушылар арасындағы КТК бәсекесі және де басқа шаралар ұйымдастырылды. 2004 жылы  Қазақстанның Италиядағы Елшісі Италия Президентіне Сенім Грамоталарын табыс етті. 2004 жылы  18-19 қарашада Минскіде (Беларусь) ТМД елдерінің Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің мәжілісі өтті. Оған Беларусь, Ресей, Украина, Молдова, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, мен Грузиядан салалық министрліктердің басшылары қатысты. Кеңес мәжілісі барысында Кеңес туралы Ереженің жаңа редакциясы және іс жүзіндегі қимылдар бағдары қаралды. 2006 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мүлікті ресмилендіруге байланысты кешірім жасау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
23.08.2013 09:42 3113

Латвия Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республиканың құрылған күні (1918). Латвия Республикасы үкіметінің бірінші басшысы болып Карлис Улманис сайланды. Ол кезде Латвия аймағында қызықты жағдай қалыптасқан еді. Бұл мемлекетті шын мәнінде немістер басқарып тұрды, жыл соңында Латвия айлақтарына ағылшынның әскери кемелері келіп кіре бастады, сонымен бірге оның үлкен бөлігінде Кеңес өкіметі орнаған болатын. Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы желтоқсанның 10-ында орнатылды.

Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні.

Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады.

ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады.

1999 жылы  Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді.

1999 жылы  Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырау Қалқаманұлына ескерткіш орнатылды.

2004 жылы  Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет Ипотекалық брокерлер мектебі ашылды. Бастамашы әрі ұйымдастырушылары - «БТА-Ипотека» компаниясы мен Коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығы (КЖМО). Мектептің басты міндеті - банктер мен риэлторлық компаниялар арасындағы шыңырауды толықтай жабу. Ипотекалық несиелендіру бойынша әрбір банктің жеке өзіндік жағдайлары бар екені жасырын емес. Сондықтан қолайлы жүйе таңдап алу үшін халыққа қолайлы деп тапқан банктерінің әрқайсысынан жеке-жеке кеңес алуына тура келеді. Енді Ипотекалық брокерлер мектебінің аттестаты негізінде жұмыс істейтін кәсіби делдалдардың қызметіне жүгінсеңіз болды.

2004 жылы  Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және политология факультетінде Бүкіләлемдік философия күніне орайластырылған «ХХІ ғасырдағы философиялық мәдениеттер үн қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Бұл шарадан басқа көрнекті ғалымдардың, оқытушылардың және студенттердің қатысуымен әдеби-шығармашылық «Даналық көзбен» вернисажы, «Ақыл-ой мен сезімдер өрнегі» мюзикл қойылымдар марафоны, философия бөлімшесінің үздік эмблемасы мен логотипі сайысы, студенттер мен оқытушылар арасындағы КТК бәсекесі және де басқа шаралар ұйымдастырылды.

2004 жылы  Қазақстанның Италиядағы Елшісі Италия Президентіне Сенім Грамоталарын табыс етті.

2004 жылы  18-19 қарашада Минскіде (Беларусь) ТМД елдерінің Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің мәжілісі өтті. Оған Беларусь, Ресей, Украина, Молдова, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, мен Грузиядан салалық министрліктердің басшылары қатысты. Кеңес мәжілісі барысында Кеңес туралы Ереженің жаңа редакциясы және іс жүзіндегі қимылдар бағдары қаралды.

2006 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мүлікті ресмилендіруге байланысты кешірім жасау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға