14-қараша
Қант диабетіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның 2006 жылғы желтоқсанның 20-дағы арнайы қарарында №А/RES/61/225 жарияланған. 2007 жылдан бастап, 14 қарашада жыл сайын аталып өтеді.
Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күні 1991 жылы IDF пен ДДҰ өткізілген. Оның мақсаты дүниежүзін диабетке қарсы келтіру болды. Бұл жаһандық диабетикалық қоғамдарының бірігуінің бастауы болды. Дүниежүзілік диабет күнін жыл сайын инсулин гормонын бірлесе ашқан канадалық физиолог Фредерик Грант Бантингпен және профессор Джон Маклеодтың дүниеге келген күнге орай атап өтіледі. Бүгін дүниежүзілік диабет күні IDF мүшелері мен оның серіктестерінің қызметінің арқасында 145-тен аса әлем елдері миллиондаған адамдарды диабетикалық бірлестікте қамтып отыр. Бұл күн адамдарға диабет меселесі бар екенін естеріне түсіре отырып мемлекет пен қоғам ұйымдарын, фармацевтикалық компанияны, дәрігерлер мен емделушінің жағдайларын жақсарту керек.
Россияда социолог күні. 1901 жылдың 14 қарашасында Парижде Орыс жоғарғы қоғамдық білімдер мектебі ашылады, ол әлемдік ғылым тарихындағы тұңғыш әлеуметтік факультет тәжірибесі деп есептеледі. Ресейде 1994 жылдан бекітілген осы күннен бастап Санкт-Петербор университеті социология факультетінде жыл сайын атап өтіледі. Ресейдегі тұңғыш академиялық социология да нақ осы жерде дүниеге келген.
Үндістандағы Бал дивас (Балаларды қорғау күні). Атақты мемлекет қайраткері, тәуелсіз Үнді елінің тұңғыш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің (1889 жылдың 14 қарашасында туған) туған күні бүкіл ел болып, «Балаларды қорғау күні» ретінде аталып өтеді.
1939 жылы Жамбыл облысы құрылған. Орталығы - Тараз қаласы. Облыс 10 ауданнан, үш қала Қаратау, Жаңатас, Шу аудан орталықтарынан тұрады. Соңғы жүз жыл ішінде қала аты бірнеше рет өзгертілді: Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, ал 1997 жылы алғашқы Тараз аты қайтарылды. Қала территориясында X-XI ғасырлардың «Айша бибі», «Бабаджа қатын», X-XIII ғасырлардың «Қарахан», «Дәуітбек» тарихи ескерткіштері орналасқан.
1995 жылы Орал қаласында халықаралық «Бөбек» қорының өкілдігі ретінде «Балдырған» қоғамдық балалар қоры ашылды.
1999 жылы «Хабар» телеарнасында жаңалықтар алғаш рет ағылшын тілінде оқыла бастады - «Khabar News weekly review». Алғашқы жүргізушілер - ақын қыз Сабрина Велли мен журналист Джон Манн; жоба редакторы - тағы бір ағылшын қызы Пола Раберфорд.
2006 жылы Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен АҚШ Елшілігінің ресми ашылу салтанаты болып өтті.
2006 жылы 14-17 қарашада Алматыда Иран тауарларының Қазақстандағы көрмесі өтті. Оған мұнай химиясы, инженерлік және техникалық қызмет, құрылыс материалдары, кілем тоқу, тағам өнімдері мен ауыл шаруашылығы, жихаз және үй жабдықтары, мата мен киім-кешек, қолдан тоқылған бұйымдар сияқты салаларда жұмыс істейтін ирандық компаниялар қатысты. Сараптамаға сәйкес, ирандық өндірушілер өнімдері қазақстандық нарықта, алыс шетелдер арасында, Қытай мен Түркиядан кейінгі, үшінші орын алады екен.
2007 жылы Қостанайда әр уақыттағы жергілікті соғыстарда қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш облыс орталығының Жеңіс саябағында орнатылды.