Жаңалықтар

3-қазан

Герман Федеративтік Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Германия бірлігі күні (1990). Германия - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Даниямен, шығысында Польша, Чех Республикасымен, оңтүстігінде Австрия, Швейцариямен, батысында Франция, Люксембург, Бельгия және Нидерландымен шектеседі. Астанасы - Берлин қаласы. Мемлекеттік тілі - неміс тілі. Мемлекеттік құрылысы - Федеративтік Республика. Мемлекет басшысы - Президент. Үкімет басшысы - канцлер. Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 12-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының ГФР-дағы   Халықаралық жануарларды қорғау күні. Бұл мереке 1931 жылдан бері табиғат қорғау қозғалысы жақтастары тарапынан Халықаралық конгресте қабылданды. Содан бері жануарларды қорғау қоғамы бұл атаулы күнді тойлап келеді. 1883 ж Семей облыстық кітапханасы ашылды. Бұл мекеме Семейге патша үкіметі жер аударған революционер демократтардың бастамасымен құрылды. Кітапхананың қорында алғашқы кезде мың дана баспа өнімі болды. Ол заманда осынша қор - өте бай қазына болатын. Кітапханада орыс классиктерінің шығармаларымен қатар шет ел классиктерінің, әлемнің ең ірі ғалымдарының да тіршілік, табиғат, қоғам өміріне байланысты мәселелерді қарастырған еңбектерін табуға болатын еді. Аталмыш кітапхана Семей зиялыларының орталығына айналған. Тұрақты оқырмандары қатарында Е.Михаэлис, Н.Долгополов, Абай Құнанбаев болды. Американдық журналист, публицист Джордж Кеннан, поляк революционері А.Янушкевич, орыстың әйгілі саяхатшысы П.Семенов Тянь-Шанский сияқты ірі тұлғалар да кітапханаға бас сұққан.   2005 ж. Қазақстанның батыс аумағында күннің тұтылуы байқалды. Бұл құбылыстың ерекшелігі - күннің толық тұтылмауы. Күннің сақина тәрізді тұтылуына, Айдың Жерден ең қашық нүктеде орналасып, оның диаметрі Күнді толық жабуға жетпеуі себеп, яғни, Айды айнала Күннің отты шеңбері көрінеді. 2009 ж Петропавлда Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Захарович Телюкке арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Петр Захарович 17 жасында майданға аттанып, онда ол ауыр жараланды. Соғыстан кейінгі жылдары ұжымшарда жұмыс істеді, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласты. Жоғары партия мектебін бітіріп, аудандық атқарушы комитет төрағасының орынбасары, Қызылжар аудандық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1975 жылдан бастап - Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті бөлімінің меңгерушісі болған. І дәрежелі Отан соғысы, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және 13 медальдармен марапатталған.
23.08.2013 09:38 3245

Герман Федеративтік Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Германия бірлігі күні (1990). Германия - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Даниямен, шығысында Польша, Чех Республикасымен, оңтүстігінде Австрия, Швейцариямен, батысында Франция, Люксембург, Бельгия және Нидерландымен шектеседі. Астанасы - Берлин қаласы. Мемлекеттік тілі - неміс тілі. Мемлекеттік құрылысы - Федеративтік Республика. Мемлекет басшысы - Президент. Үкімет басшысы - канцлер.

Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 12-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының ГФР-дағы

 

Халықаралық жануарларды қорғау күні.

Бұл мереке 1931 жылдан бері табиғат қорғау қозғалысы жақтастары тарапынан Халықаралық конгресте қабылданды. Содан бері жануарларды қорғау қоғамы бұл атаулы күнді тойлап келеді.

1883 ж Семей облыстық кітапханасы ашылды. Бұл мекеме Семейге патша үкіметі жер аударған революционер демократтардың бастамасымен құрылды. Кітапхананың қорында алғашқы кезде мың дана баспа өнімі болды. Ол заманда осынша қор - өте бай қазына болатын. Кітапханада орыс классиктерінің шығармаларымен қатар шет ел классиктерінің, әлемнің ең ірі ғалымдарының да тіршілік, табиғат, қоғам өміріне байланысты мәселелерді қарастырған еңбектерін табуға болатын еді. Аталмыш кітапхана Семей зиялыларының орталығына айналған. Тұрақты оқырмандары қатарында Е.Михаэлис, Н.Долгополов, Абай Құнанбаев болды. Американдық журналист, публицист Джордж Кеннан, поляк революционері А.Янушкевич, орыстың әйгілі саяхатшысы П.Семенов Тянь-Шанский сияқты ірі тұлғалар да кітапханаға бас сұққан.

 

2005 ж. Қазақстанның батыс аумағында күннің тұтылуы байқалды. Бұл құбылыстың ерекшелігі - күннің толық тұтылмауы. Күннің сақина тәрізді тұтылуына, Айдың Жерден ең қашық нүктеде орналасып, оның диаметрі Күнді толық жабуға жетпеуі себеп, яғни, Айды айнала Күннің отты шеңбері көрінеді.

2009 ж Петропавлда Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Захарович Телюкке арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

Петр Захарович 17 жасында майданға аттанып, онда ол ауыр жараланды. Соғыстан кейінгі жылдары ұжымшарда жұмыс істеді, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласты. Жоғары партия мектебін бітіріп, аудандық атқарушы комитет төрағасының орынбасары, Қызылжар аудандық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1975 жылдан бастап - Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті бөлімінің меңгерушісі болған. І дәрежелі Отан соғысы, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және 13 медальдармен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға