Жаңалықтар

8-қараша

Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы күні (КВН).  Қытайда журналист күні. 2004 жылдың 8 қарашасынан атап өтіледі. Әке күні. Тұңғыш рет «Әке күні» Вашингтонда 1910 жылғы 19 маусымнан жаппай тойлана бастап, содан бері Америкадағы көптеген отбасылар өздерінің әкелерін құттықтайтын болған. Алайда, тек президент Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық мейрам деп жариялағаннан кейін ғана, 1966 жылдан бастап «Әке күні» бүкіламерикалық мейрамға айналды. Әдетте, жыл сайынғы салтанаттар барысында мемлекет пен қарапайым азаматтар балаларын жалғызілікті тәрбиелеп отырған, табыстары төмен әкелерге қамқорлық жасауға асығады екен. Баку метрополитені қызметкерлерінің күні. Әзірбайжан Президентінің 2006 жылғы 28 қазандағы жарлығына сәйкес, бакулік метро жүйесінің іске қосылғанына 40 жыл толуына байланысты, Әзірбайжанда жыл сайын қарашаның 8-інде Баку метросы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. 2004 жылы  Қазақстан делегациясы 8-11 қарашада Лондонда «World Travel Market» - WTM-2004 туристік көрмесіне қатысты. Көрмеде әлемнің 190 елінен келген мемлекеттік туристік ұйымдар мен жеке туристік компаниялардың өкілдері өздерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті және іскер ынтымақтастықтың болашағын талқыға салды.  Біздің делегация құрамында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Туризм жөніндегі комитетінің, аймақтық туризм жөніндегі департаменттердің, «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысының, Қазақстан туристік ассоциациясының, сондай-ақ «Тұран-Азия», «Отырар-групп», «Глобал-Эйр», «Хан Тәңірі», «Asia Discovery», «Азия Туры» тәрізді ірі қазақстандық туристік компаниялардың және «Астана Интер Отель» мен «Қазақстан» қонақ үйлерінің өкілдері қатысты. 2004 жылы  Семей мешітіне 1907 жылы Қазанда басып шығарылған Құран табыс етілді. Оны ескі ғимаратты жөндеу жұмыстары кезінде «Дау-Қаз» серіктестігінің қаржы директоры Олег Власенко тауып алған. Бұл басылымда Құранның араб мәтінімен қатар көрнекті орыс шығыстанушысы Гордий Саблуков жасаған орысша аудармасы қоса келтірілген. 1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші орнатылды.  1995 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты. 1997 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды.  2000 жылы  Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді.
23.08.2013 09:32 3451

Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы күні (КВН). 

Қытайда журналист күні. 2004 жылдың 8 қарашасынан атап өтіледі.

Әке күні. Тұңғыш рет «Әке күні» Вашингтонда 1910 жылғы 19 маусымнан жаппай тойлана бастап, содан бері Америкадағы көптеген отбасылар өздерінің әкелерін құттықтайтын болған. Алайда, тек президент Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық мейрам деп жариялағаннан кейін ғана, 1966 жылдан бастап «Әке күні» бүкіламерикалық мейрамға айналды. Әдетте, жыл сайынғы салтанаттар барысында мемлекет пен қарапайым азаматтар балаларын жалғызілікті тәрбиелеп отырған, табыстары төмен әкелерге қамқорлық жасауға асығады екен.

Баку метрополитені қызметкерлерінің күні. Әзірбайжан Президентінің 2006 жылғы 28 қазандағы жарлығына сәйкес, бакулік метро жүйесінің іске қосылғанына 40 жыл толуына байланысты, Әзірбайжанда жыл сайын қарашаның 8-інде Баку метросы қызметкерлерінің күні аталып өтеді.

2004 жылы  Қазақстан делегациясы 8-11 қарашада Лондонда «World Travel Market» - WTM-2004 туристік көрмесіне қатысты. Көрмеде әлемнің 190 елінен келген мемлекеттік туристік ұйымдар мен жеке туристік компаниялардың өкілдері өздерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті және іскер ынтымақтастықтың болашағын талқыға салды. 

Біздің делегация құрамында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Туризм жөніндегі комитетінің, аймақтық туризм жөніндегі департаменттердің, «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысының, Қазақстан туристік ассоциациясының, сондай-ақ «Тұран-Азия», «Отырар-групп», «Глобал-Эйр», «Хан Тәңірі», «Asia Discovery», «Азия Туры» тәрізді ірі қазақстандық туристік компаниялардың және «Астана Интер Отель» мен «Қазақстан» қонақ үйлерінің өкілдері қатысты.

2004 жылы  Семей мешітіне 1907 жылы Қазанда басып шығарылған Құран табыс етілді. Оны ескі ғимаратты жөндеу жұмыстары кезінде «Дау-Қаз» серіктестігінің қаржы директоры Олег Власенко тауып алған. Бұл басылымда Құранның араб мәтінімен қатар көрнекті орыс шығыстанушысы Гордий Саблуков жасаған орысша аудармасы қоса келтірілген.

1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші орнатылды.

 1995 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.

1997 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды.

 2000 жылы  Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға