Жаңалықтар

1-қараша

Вегетарианшылдардың халықаралық күні. Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі. Алжирдің Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1954). Алжир  Халық Демократиялық Республикасы - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Марокко, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия, Туниспен шектеседі. Әкімшілік жағынан 15 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар. Антигуа мен Барбуданың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Антигуа мен Барбуда - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Астанасы - Сент-Джонс қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. КХДР-дің баспа күні (1945). Осы күні Корей Еңбек партиясы ОК-інің «Нодон синмун» газетінің алғашқы саны жарық көрген болатын. Болгариядағы халықтық оятушылар күні. Мереке болгарлардың ұлт болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген елдің барлық қайраткерлеріне арналған. 47 жылдық үзілістен кейін алғаш рет 1992 жылы атап өтілді. 2005 жылы  Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарда қазба жұмыстарын жүргізген кезде найзаның ұштары, қыш ыдыстар, алтыннан жасалған бұйымдар табылды. Қазба жұмыстары Жаңадария-Сырдария өзендерінің жағалауында орналасқан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. 2005 жылы құны 9 миллион долларға жуық «Қазақ» теплоходы Ресейдің солтүстік-батысында, Карелиядағы «Онега кеме жасау зауытында» суға түсірілді. «Ресейдің тасымалдау жүйесін 2010 жылға дейін түрлендіру» федералды бағдарламасы аясында жасалған бұл теплоход - жергілікті кеме жасау зауытында соңғы жылдары шығарылған өзі типтес 4-ші кеме. Кеме орман ағаштары мен астықтарды, ірі габаритті жүктерді, сондай-ақ халықаралық стандарттағы контейнерлерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі - 5,1 мың тоннаны құрайтын «Қазақ» кемесінің ұзындығы - 108,33 метр, ені - 16,5 метр, бортының биіктігі - 5,5 метр. 1963 жылы  КСРО-да В.Челомеяның конструкторлық бюросы дайындаған әлемдегі ең алғашқы адам басқаратын маневрлі ғарыш кемесі ұшырылды. 1993 жылы  Еуропалық экономикалық қауымдастық Еуропалық одаққа айналды. 1964 жылы  Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының орыс труппасы құрылды. Осы кезең аралығында 200-ден астам спектакль қойылды. Көптеген қойылымдар негізі - адамдар тағдыры, олардың өсу өрістері, адамгершілік еріктері. Сахна саңлақтары арасындағы танымал есімдер қатарында Леонид Фомин, Людмила Шипкова, Раиса Телеуова, Полина Савицкая, Ольга Павлова, т.б. бар. 2001 жылы Оралда «051 - құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
23.08.2013 09:30 3130

Вегетарианшылдардың халықаралық күні. Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі.

Алжирдің Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1954). Алжир  Халық Демократиялық Республикасы - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Марокко, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия, Туниспен шектеседі. Әкімшілік жағынан 15 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар.

Антигуа мен Барбуданың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Антигуа мен Барбуда - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Астанасы - Сент-Джонс қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.

КХДР-дің баспа күні (1945). Осы күні Корей Еңбек партиясы ОК-інің «Нодон синмун» газетінің алғашқы саны жарық көрген болатын.

Болгариядағы халықтық оятушылар күні. Мереке болгарлардың ұлт болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген елдің барлық қайраткерлеріне арналған. 47 жылдық үзілістен кейін алғаш рет 1992 жылы атап өтілді.

2005 жылы  Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарда қазба жұмыстарын жүргізген кезде найзаның ұштары, қыш ыдыстар, алтыннан жасалған бұйымдар табылды. Қазба жұмыстары Жаңадария-Сырдария өзендерінің жағалауында орналасқан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен.

2005 жылы құны 9 миллион долларға жуық «Қазақ» теплоходы Ресейдің солтүстік-батысында, Карелиядағы «Онега кеме жасау зауытында» суға түсірілді. «Ресейдің тасымалдау жүйесін 2010 жылға дейін түрлендіру» федералды бағдарламасы аясында жасалған бұл теплоход - жергілікті кеме жасау зауытында соңғы жылдары шығарылған өзі типтес 4-ші кеме. Кеме орман ағаштары мен астықтарды, ірі габаритті жүктерді, сондай-ақ халықаралық стандарттағы контейнерлерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі - 5,1 мың тоннаны құрайтын «Қазақ» кемесінің ұзындығы - 108,33 метр, ені - 16,5 метр, бортының биіктігі - 5,5 метр.

1963 жылы  КСРО-да В.Челомеяның конструкторлық бюросы дайындаған әлемдегі ең алғашқы адам басқаратын маневрлі ғарыш кемесі ұшырылды.

1993 жылы  Еуропалық экономикалық қауымдастық Еуропалық одаққа айналды.

1964 жылы  Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының орыс труппасы құрылды. Осы кезең аралығында 200-ден астам спектакль қойылды. Көптеген қойылымдар негізі - адамдар тағдыры, олардың өсу өрістері, адамгершілік еріктері. Сахна саңлақтары арасындағы танымал есімдер қатарында Леонид Фомин, Людмила Шипкова, Раиса Телеуова, Полина Савицкая, Ольга Павлова, т.б. бар.

2001 жылы Оралда «051 - құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға