Жаңалықтар

2015 жылы білім саласына жан басына шаққанда қаржыландыру енгізіледі

2015 жылы білім саласына жас мамандарды тарту және жалақы деңгейін көтеру мақсатында жан басына шаққанда қаржыландыру  енгізіледі. Бұл туралы бүгін республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтып өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бірқатар түйткілді мәселелерді айтпай кету мүмкін емес. Ең алдымен ұстаздарды, сынып жетекшілерін, әдіскерлерді ынталандыру және жалақы төлеу жайы. Бұлар туралы мәселе министрліктің кеңейтілген алқасында көтерілді. Бұл мәселелерге  кешенді шешім керек, 2015 жылы білім саласына жас мамандарды тарту және жалақы деңгейін көтеру мақсатында жан басына шаққанда қаржыландыру  енгізілетіндігін айта кеткім келеді. Осындай шешім қабылданды», - деді Б.Жұмағұлов. Оның айтуына қарағанда  биылдан бастап пилоттық жоба қолға алынбақ. «Бізге оны өте тиімді жүргізіп, пайдалы және кемшін тұстарын анықтап алуымыз керек. Сіздердің көмектеріңізбен жобаның барлық қыры ашылады», - деп ұстаздарға сенім артты министр. Естеріңізге сала кетсек,  22-23 тамызда Астанада «Сапалы білім және тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» республикалық тамыз педагогикалық кеңесі өтуде Шарада еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім және тәрбие беру сапасын көтеру мақсатында стратегиялық басымдықтарды анықтау бойынша шаралар талқылануда. 
23.08.2013 06:05 3815

2015 жылы білім саласына жас мамандарды тарту және жалақы деңгейін көтеру мақсатында жан басына шаққанда қаржыландыру  енгізіледі. Бұл туралы бүгін республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтып өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бірқатар түйткілді мәселелерді айтпай кету мүмкін емес. Ең алдымен ұстаздарды, сынып жетекшілерін, әдіскерлерді ынталандыру және жалақы төлеу жайы. Бұлар туралы мәселе министрліктің кеңейтілген алқасында көтерілді. Бұл мәселелерге  кешенді шешім керек, 2015 жылы білім саласына жас мамандарды тарту және жалақы деңгейін көтеру мақсатында жан басына шаққанда қаржыландыру  енгізілетіндігін айта кеткім келеді. Осындай шешім қабылданды», - деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуына қарағанда  биылдан бастап пилоттық жоба қолға алынбақ.

«Бізге оны өте тиімді жүргізіп, пайдалы және кемшін тұстарын анықтап алуымыз керек. Сіздердің көмектеріңізбен жобаның барлық қыры ашылады», - деп ұстаздарға сенім артты министр.

Естеріңізге сала кетсек,  22-23 тамызда Астанада «Сапалы білім және тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» республикалық тамыз педагогикалық кеңесі өтуде

Шарада еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім және тәрбие беру сапасын көтеру мақсатында стратегиялық басымдықтарды анықтау бойынша шаралар талқылануда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға