"Заман-ай" фильмі
«Заман-ай» фильмі
1930-шы жылдары қазақтардың көпшілігі Қытайға көшіп тұрды. Солардың ішінде бір байдың қызы болады. Бірақ қыздың әкесін өлтіреді. Көп жылдар өткен соң, ол өзінің немересін ата-анасынан айырып, өзінің туған еліне аттанады. Ұзақ жол жүріп, ол өзінің туған еліне қайта алмай, қайтыс болады. Оның өз еліне қайтуына тағы бір себеп бар болатын. Ол себеп - өзінің жас кезінде сүйген адамы Атымтай. Осылай басталатын көркем фильмнің бірі – "Заман-ай". Драма жанрында түсірілген фильмнің режиссері Шәріп Болат Шәріпұлы. Рөлдерінде Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Сейтімбетова, Ерік Жолжақсынов, Арыстан Қиқымов және Райхан Айтқожановалар ойнайды. Көркем фильмнің бүгінге дейін бірнеше жетістіктерге ие болды. Атап айтар болсақ, Түркиядағы Халықаралық кинофестивальда, 1999 ж.; - Италиядағы алықаралық кинофестивальда, 2002 ж.; - Қазақ қаласындағы (Ресей) Қазақ киносының күндеріне қатысуы, қыркүйек 2003 ж. - Уфа қаласындағы (Ресей) Қазақ киносының күндеріне қатысуы, қазан, 2003 ж. - Мумбай қаласындағы (Үндістан) Халықаралық кинофестивальда Ретроспектива, тамыз 2003. - Екатеринбург қаласындағы (Ресей) Қазақ киносының күндеріне қатысуы, шілде-тамыз, 2003 ж. - Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей) Қазақ киносының күндеріне қатысуы, маусым-шілде, 2003 ж. - Мәскеу қаласында Ресейдегі Қазақстан жылы аясында Қазақ киносының күндеріне қатысуы, ақпан, 2003 ж көрсетілді.
Кинодағы Амантай рөлін сомдайтын Арыстан Омарұлы. Өзін былдырлаған тәтті тілімен «мен — Арыстан актермін» деп таныстыратын балдырған актер жайлы бүгінде тек өткен шақта сөйлеуге мәжбүрміз. Мөлт етіп көрініп, бейнесі тек сарқылмас сағынышқа айналған тамшы тағдыр иесінің пешенесіне жазылған ғұмыры бар-жоғы 15-ақ жыл болыпты. Ол небары 4 жасында театрға келіп, сол төрт жасында-ақ сахнаны дүр сілкінткен хас талант еді. Режиссер Болат Шәріптің аталмыш фильмді түсіруі 1990 жылдардың қиын кезеңімен бетпе-бет келіп қалды да, қаржы жағынан көптеген кедергілер кездесіп, киноның түсіріліміне де, жарыққа шығуына да біраз қолбайлау болған еді. Мемлекет тарапынан ешқандай қолдау жоқ, жоқшылық жағадан алып тұрған кезең. Соған қарамастан, өнер десе жанын беретін азамат тырбанып жүріп, банктен несие алып, үлкен тәуекелге барады. Әу баста екі сериялы болып түсірілу жоспарланғанымен, қаржының тапшылығынан бір бөлімге қысқартылып, бүгінгі біз тамашалап жүрген «Заман-ай» фильмі осылай түсірілген болатын. Сол жалғыз серияның өзі талай сыннан өтіп, түсірілім аяқталған соң да таспалар алты жылдай қоймада жатып барып, әйтеуір режиссердің табандылығының арқасында көрерменімен қауышқан болатын. Арыстанның қазақ киносында жасаған шоқтықты образы – осы «Заман-ай» фильміндегі Аманай бейнесі. 30 баланың ішінен таңдалынып алынған Арыстанға үлкен сеніммен қатар, үлкен жауапкершілік те жүктелген болатын. Ол сенімді ақтай білді.