30-қыркүйек
Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1966). Ботсвана -Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Габороне қаласы. Ресми тілі - ағылшын және сетсвана тілдері. Ақша бірлігі - пула. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық жиналыс.
Дүниежүзілік аударма күні (Аудармашылар күні).
1991 жылы Халықаралық федерация (FIT) 30 қыркүйекті Халықаралық аудармашылар күні деп жариялады.
Бүкіләлемдік теңіз күні. 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен, ластаудың алдын алу.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жастар үшін Мемлекеттік «Дарын» сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады.
1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт мәтініне қол қойды.
1824 жылы Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау қамалы империяның бекітілген аудандар жөніндегі ресми тізіміне енгізген.
1839 жылы Көкшетауға әскери гарнизон енгізіліп, казактар стансасы құрылған. 1868 жылы әскери құрылымдардың жойылуына байланысты қамал жергілікті азаматтық қоныстарға айналған.
1919 жылы Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің Әділет бөлімін құру туралы шешімі қабылданды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
1941 жылы Мәскеу үшін шайқас басталды. 1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.
Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.
1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды.