Жаңалықтар

29-қыркүйек

Бүкіләлемдік аударма күні. Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады. 1992 жылы  Дүние жүзі қазақтары құрылтайының алғашқы салтанатты мәжілісі өтті. 1993 жылы  Теміртау қаласының маңынан қазақстандық геологтар металл, алтын, қола, молибден концентрациясына және басқа да құнды элементтерге бай мыс кенін тапты. . 2005 жылы 1999 жылы өткен ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша шығарылған алғашқы Талдамалық есеп жинағы жарық көрді. Жинақтың авторы - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қолдауымен тұрғын халық саласындағы БҰҰ-ның қоры. Талдамалық есепте халықтың экономикалық белсенділігі туралы, тілдерді меңгеруі, білім деңгейі туралы мәліметтер алғашқы рет көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары, некеге отыруы, үй шаруасындағы әйелдер туралы статистикалық талдаулар жасалған. 2005 жылы  «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Tengri» борттық журналының алғашқы саны жарық көрді. Журналдың алғашқы санында мәдениет, тарих, республикамызды болып жатқан басты оқиғалар туралы мақалалары, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі берген отандық жұлдыздардың сұхбаттары жазылған және отандық белгілі фотошеберлердің жұмыстарын тамашалауға болады. 2009 жылы  Алматыда «Сталинизм және Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы репрессия» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап «Зерде» мен Фридрих Эберт (Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрген. Осы уақытқа шейін жабық мұрағат қорларында сақтап келген тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам, молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою үдерісі жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетілген. Кеңестер Одағының құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30-жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген зұламатты басынан кешіргені белгілі.
22.08.2013 11:19 3744

Бүкіләлемдік аударма күні. Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады.

1992 жылы  Дүние жүзі қазақтары құрылтайының алғашқы салтанатты мәжілісі өтті.

1993 жылы  Теміртау қаласының маңынан қазақстандық геологтар металл, алтын, қола, молибден концентрациясына және басқа да құнды элементтерге бай мыс кенін тапты.

.

2005 жылы 1999 жылы өткен ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша шығарылған алғашқы Талдамалық есеп жинағы жарық көрді.

Жинақтың авторы - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қолдауымен тұрғын халық саласындағы БҰҰ-ның қоры.

Талдамалық есепте халықтың экономикалық белсенділігі туралы, тілдерді меңгеруі, білім деңгейі туралы мәліметтер алғашқы рет көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары, некеге отыруы, үй шаруасындағы әйелдер туралы статистикалық талдаулар жасалған.

2005 жылы  «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Tengri» борттық журналының алғашқы саны жарық көрді.

Журналдың алғашқы санында мәдениет, тарих, республикамызды болып жатқан басты оқиғалар туралы мақалалары, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі берген отандық жұлдыздардың сұхбаттары жазылған және отандық белгілі фотошеберлердің жұмыстарын тамашалауға болады.

2009 жылы  Алматыда «Сталинизм және Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы репрессия» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

Кітап «Зерде» мен Фридрих Эберт (Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрген.

Осы уақытқа шейін жабық мұрағат қорларында сақтап келген тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам, молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою үдерісі жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетілген.

Кеңестер Одағының құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30-жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген зұламатты басынан кешіргені белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға