Жаңалықтар

26-қыркүйек

Шет тілдердің еуропалық күні. Жаңа мыңжылдық басталысымен ЮНЕСКО 21-ші ғасырды полиглоттар ғасыры деп жариялады. 2001 жыл Дүниежүзілілік тілдер жылы деп жарияланды. 2000 жылы  «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды. 2001 жылы  Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті. 2002 жылы  ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхаммед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты. 2003 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер. 2006 жылы  Лондондағы танымал концерт залдарының бірі - Барбикан-Холлда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Студенттік симфониялық оркестрінің концерті өтті. 2005 жылы  Атырау мұнай өндеуші зауытының есімі ғаламшарға берілді. «Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259. 2007 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды. Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.
22.08.2013 11:19 3340

Шет тілдердің еуропалық күні. Жаңа мыңжылдық басталысымен ЮНЕСКО 21-ші ғасырды полиглоттар ғасыры деп жариялады. 2001 жыл Дүниежүзілілік тілдер жылы деп жарияланды.

2000 жылы  «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды.

2001 жылы  Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті.

2002 жылы  ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхаммед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты.

2003 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.

2006 жылы  Лондондағы танымал концерт залдарының бірі - Барбикан-Холлда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Студенттік симфониялық оркестрінің концерті өтті.

2005 жылы  Атырау мұнай өндеуші зауытының есімі ғаламшарға берілді.

«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.

2007 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды.

Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға