Жаңалықтар

20-қыркүйек

Оңтүстік Осетияның тәуелсіздік күні. 1990 жылы 20 қыркүйекте Оңтүстік Осетия автономиялық облысының Халық депутаттары кеңесі Оңтүстік Осетия кеңестік демократиялық республикасын егеменді мемлекет екендігін жариялады. Әзірбайжанда мұнайшылар күні. Әзірбайжан Президентінің 2001 жылығы 16 тамыздағы Жарлығымен бекітілген. 1955 жылы  Семейде Республикалық тарихи-патриоттық «Поиск» клубы құрылды. «Поиск» клубының қызметі жастарды тәрбиелеуге бағытталған. Семейлік клубтың белсенді қатысушылары Шығыс Қазақстан аймағы бойынша экспедиция жасап, соғыс кезінде із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдерін қалпына келтірді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының  құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлықтарына қол қойды. 2007 жылы Шымкенттің «Жебе» киностудиясы «Түлкі, бүрге және тасбақа» атты жаңа анимациялық фильмін шығарды. Мультфильм қазақ халық ертегілері бойынша түсірілген. Ертегіде достық және еңбекқорлық жайлы баяндалады. 2005 жылы Қостанайдың облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақстанның танымал мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың жеке көрмесі ашылды. Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925-2009) - мүсінші, ұлтық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қостанай облысы Мендіғара ауданының Ұлыкөл ауылында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды. Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіш («Амангелді Иманов», Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында), бюстер («Құрманғазы», «М.Хакімжанова», С.Қожамқұлов», «С.Сейфуллин», ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында), сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жакдев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасаған. Казақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.  2007 жылы Алматыда, көздері жартылай және толығымен көрмейтін адамдарға арнап шығарылған алғашқы «Жеке заң кеңесшісі» атты заңнамалық актілер аудиожинағының таныстырылымы болып өтті. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық заңнамалық актілер жинағын шығару идеясының иесі «Анашым» ғаріп балалар мен жастар қорына жатады. «Жеке заң кеңесшісінің» құрылу мақсаты - білім, денсаулық сақтау және салық төлеу сұрақтары бойынша түсінікті заң көмегін беруге бағытталған.
22.08.2013 11:13 3796

Оңтүстік Осетияның тәуелсіздік күні. 1990 жылы 20 қыркүйекте Оңтүстік Осетия автономиялық облысының Халық депутаттары кеңесі Оңтүстік Осетия кеңестік демократиялық республикасын егеменді мемлекет екендігін жариялады.

Әзірбайжанда мұнайшылар күні. Әзірбайжан Президентінің 2001 жылығы 16 тамыздағы Жарлығымен бекітілген.

1955 жылы  Семейде Республикалық тарихи-патриоттық «Поиск» клубы құрылды.

«Поиск» клубының қызметі жастарды тәрбиелеуге бағытталған. Семейлік клубтың белсенді қатысушылары Шығыс Қазақстан аймағы бойынша экспедиция жасап, соғыс кезінде із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдерін қалпына келтірді.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының  құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлықтарына қол қойды.

2007 жылы Шымкенттің «Жебе» киностудиясы «Түлкі, бүрге және тасбақа» атты жаңа анимациялық фильмін шығарды.

Мультфильм қазақ халық ертегілері бойынша түсірілген. Ертегіде достық және еңбекқорлық жайлы баяндалады.

2005 жылы Қостанайдың облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақстанның танымал мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың жеке көрмесі ашылды.

Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925-2009) - мүсінші, ұлтық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қостанай облысы Мендіғара ауданының Ұлыкөл ауылында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды. Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіш («Амангелді Иманов», Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында), бюстер («Құрманғазы», «М.Хакімжанова», С.Қожамқұлов», «С.Сейфуллин», ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында), сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жакдев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасаған. Казақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

 2007 жылы Алматыда, көздері жартылай және толығымен көрмейтін адамдарға арнап шығарылған алғашқы «Жеке заң кеңесшісі» атты заңнамалық актілер аудиожинағының таныстырылымы болып өтті.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық заңнамалық актілер жинағын шығару идеясының иесі «Анашым» ғаріп балалар мен жастар қорына жатады. «Жеке заң кеңесшісінің» құрылу мақсаты - білім, денсаулық сақтау және салық төлеу сұрақтары бойынша түсінікті заң көмегін беруге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға