Жаңалықтар

18-қыркүйек

Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810). Чили - Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Перумен, шығысы Боливия, Аргентинамен, оңтүстігі мен батысы Тынық мұхитымен шектеседі. Мемлекет құрамына Отты жер аралының батыс бөлігі және Пасха, Хуан-Фернандес, Веллингтон, т.б. аралдар кіреді. Астанасы - Сантьяго қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды. Әзірбайжанның ұлттық музыка күні. Әзірбайжандағы ұлттық музыка күні жыл сайын 18 қыркүйекте, Әзірбайжанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Узеир Абдул Гусейн оғлы Гаджибековтің туған күнінде атап өтіледі. Арменияда астрономдардың күні. Арменияның Халық батыры, армян ғалымы, астрофизика саласының негізін салушы Виктор Амбарцумянның туған күнінде жыл сайын аталып өтіледі. 1975 жылы  Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды. 1992 жылы  «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. 2007 жылы  Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды. Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді. 2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды. Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған. 1926-1999 жылдары  жазушы Сейтқан Әбілқасымұлы дүниеге келді. Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданында туған. 1944-1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. 1947 жылы - Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948-1954 жылдары - Шыңжаң халық демократиялық одағы Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары. 1954-1957 жылдары - Қытай Коммунистік партиясының Алтай аймақтық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958-1964 жылдары - «Алтай» газетінің бас редакторы. Жазушы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түсіп, абақтыға жабылған. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға бас сауғалайды.
22.08.2013 11:13 3687

Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810). Чили - Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Перумен, шығысы Боливия, Аргентинамен, оңтүстігі мен батысы Тынық мұхитымен шектеседі. Мемлекет құрамына Отты жер аралының батыс бөлігі және Пасха, Хуан-Фернандес, Веллингтон, т.б. аралдар кіреді. Астанасы - Сантьяго қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо.

Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.

Әзірбайжанның ұлттық музыка күні. Әзірбайжандағы ұлттық музыка күні жыл сайын 18 қыркүйекте, Әзірбайжанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Узеир Абдул Гусейн оғлы Гаджибековтің туған күнінде атап өтіледі.

Арменияда астрономдардың күні. Арменияның Халық батыры, армян ғалымы, астрофизика саласының негізін салушы Виктор Амбарцумянның туған күнінде жыл сайын аталып өтіледі.

1975 жылы  Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды.

1992 жылы  «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.

2007 жылы  Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды.

Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді.

2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.

Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.

1926-1999 жылдары  жазушы Сейтқан Әбілқасымұлы дүниеге келді.

Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданында туған. 1944-1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. 1947 жылы - Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948-1954 жылдары - Шыңжаң халық демократиялық одағы Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары. 1954-1957 жылдары - Қытай Коммунистік партиясының Алтай аймақтық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958-1964 жылдары - «Алтай» газетінің бас редакторы. Жазушы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түсіп, абақтыға жабылған. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға бас сауғалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға