16-қыркүйек
Халықаралық бейбітшілік күні. 1982 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қыркүйектің үшінші сейсенбісінде атап өтіледі. 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы XXXVI сессиясында БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес ұйымның негізгі мақсаты - ұлттық және халықаралық деңгейде бейбітшілікті қолдау екендігі еске алынып, әлемнің ұлттары мен ұлыстары арасында бейбітшілікті нығайтуға және мерекелеуге арналған күн белгілеуге шешім қабылдады. 2001 жылғы қыркүйектің 7-інде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Халықаралық бейбітшілік күнінің маңызын арттырып, барлық әлемдегі жауласып жатқан тараптарды жыл сайын Бүкілдүниежүзілік оқ атуды тоқтату күнін атап өтуге шақырды.
Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні. 1987 жылы Озон қабатын бұзатын заттар туралы Монреаль хаттамасына қол қойылды. Сол күннің құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1995 жылдан бастап атап өтіледі.
Мексика Құрама Штаттарының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810). Мексика - Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Шығысында Кариб теңізімен, батысында Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Астанасы - Мехико қаласы.
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 13-інде орнатылды.
2007 жылы Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестікке қосылды.
Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды.
Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед Әл-Барадэй, атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.
Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы Жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Дж.Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.
2009 жылы Ақтөбе облысы мен Чех Республикасының сауда-өнеркәсіптік палаталарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Қол қойылған келісімшартта Чех Республикасы мен Ақтөбе облысының арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және дамыту, ақпараттық-консультациялық, маркетингілік іс-шараларды дамыту, сондай-ақ оқу ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылып отыр.