Жаңалықтар

9-қыркүйек

Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні. Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі. Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - КХДР-дің құрылған күні (1948).  Мемлекет Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан. Астанасы - Пхеньян қаласы. Ақша бірлігі - вон. Ресми тілі - корей тілі. Қазақстан Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды. Тәжікстанның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы Мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 7-інде орнатылды. 2005 жылы  Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды. Дельфий ойындары - классикалық және заманауи жанрдағы өнерлердiң барлық түрін бiрiктiретiн мәдени форум. Бұл фортепиано және скрипка, баян және халық билері, эстрадалық ән салу және театр, цирк және фотосурет, плакат және теледидарлар. Шара аясында Ұлттық ойындар конкурсы 14 номинация бойынша өтті. 1994 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы» қаулы қабылдады. 2005 жылы  Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Екібастұзда Қазақстандағы тұңғыш базалық  прокуратура ашылды. Онда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары прокуратураларының жас қызметкерлері кәсіби дайындықтары деңгейін көтереді. 1828-1910 жылдары орыс жазушысы, драматург Лев Толстой дүниеге келді. Ресейдің Тула облысында туған. Қазан университетінің әуелі шығыстану, кейін заң факультеттерінде оқыған. Түрік, татар тілдерінен сынаққа дайындаған түркітанушы ғалым Қазембек оның лингвист қабілетін жоғары бағалаған. Ол ағылшын, француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, чех, поляк, серб, итальян, грек, латын, украин, татар тілдерін білген, қосымша ежелгі еврей, түрік, голланд, болгар тілдерін оқыған. 1851-1853 жылдары Кавказ соғысына қатысып, 1856 жылға дейін сонда әскери қызмет атқарады. Қызметінен босаған соң Германия, Франция, Швейцария елдерін аралайды. 1859 жылы Ясная Полянада қарапайым шаруалардың балаларына арнап мектеп ашып, сонымен қатар сол маңайдағы жиырма шақты мектептің ашылуына көмектесті. 1862 жылы «Ясная Поляна» атты педагогикалық журнал шығара бастайды. «Кешегі күннің тарихы», «Помещиктің таңғы тірлігі» әңгімелерінің, «Балалық», «Ересектік», «Севастополь әңгімелері» автобиографиялық трилогияның, «Казактар», «Альберт», «Тәубаға келу», «Мен дінге қалай сенемін?», «Иван Ильичтің өлімі», «Крейцер сонатасы», «Пері», «Қажымұрат», «Жалған қағаз», «Балдан кейін» повестерінің, «Отбасы бақыты», «Орыс помещигінің таңғы тірлігі», «Арылу» романдарының, «Соғыс және бейбітшілік», «Мың сегіз жүз бесінші жыл» роман-эпопеяларының, «Әліппе», «Жаңа әліппе» еңбектерінің, «Анна Каренина» психологиялық романының, «Қараңғылықтың өкімі», «Тірі өлік» драмасының, «Тәрбие жемістері» комедиясының авторы. Т.Манн ол туралы «Гете және Толстой» атты көлемді зерттеу еңбек жазған. М.Горький «Лев Толстой» очеркінде Толстой өмірін жан-жақты суреттеген. Толстой еңбектері Абай мен Шәкерім шығармашылықтарына әсер еткен. Шәкерім Толстойдың «Ассирия патшасы Асархадон», «Үш сауал» шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған. Қазақ тілінде Толстойдың «Анна Каренина», «Арылу», «Соғыс пен бейбитшілік» шығармалары жарық көрген.
22.08.2013 11:09 3417

Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні. Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі.

Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - КХДР-дің құрылған күні (1948).  Мемлекет Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан. Астанасы - Пхеньян қаласы. Ақша бірлігі - вон. Ресми тілі - корей тілі.

Қазақстан Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды.

Тәжікстанның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы Мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 7-інде орнатылды.

2005 жылы  Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды.

Дельфий ойындары - классикалық және заманауи жанрдағы өнерлердiң барлық түрін бiрiктiретiн мәдени форум. Бұл фортепиано және скрипка, баян және халық билері, эстрадалық ән салу және театр, цирк және фотосурет, плакат және теледидарлар. Шара аясында Ұлттық ойындар конкурсы 14 номинация бойынша өтті.

1994 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы» қаулы қабылдады.

2005 жылы  Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Екібастұзда Қазақстандағы тұңғыш базалық  прокуратура ашылды. Онда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары прокуратураларының жас қызметкерлері кәсіби дайындықтары деңгейін көтереді.

1828-1910 жылдары орыс жазушысы, драматург Лев Толстой дүниеге келді.

Ресейдің Тула облысында туған. Қазан университетінің әуелі шығыстану, кейін заң факультеттерінде оқыған. Түрік, татар тілдерінен сынаққа дайындаған түркітанушы ғалым Қазембек оның лингвист қабілетін жоғары бағалаған. Ол ағылшын, француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, чех, поляк, серб, итальян, грек, латын, украин, татар тілдерін білген, қосымша ежелгі еврей, түрік, голланд, болгар тілдерін оқыған. 1851-1853 жылдары Кавказ соғысына қатысып, 1856 жылға дейін сонда әскери қызмет атқарады. Қызметінен босаған соң Германия, Франция, Швейцария елдерін аралайды. 1859 жылы Ясная Полянада қарапайым шаруалардың балаларына арнап мектеп ашып, сонымен қатар сол маңайдағы жиырма шақты мектептің ашылуына көмектесті. 1862 жылы «Ясная Поляна» атты педагогикалық журнал шығара бастайды.

«Кешегі күннің тарихы», «Помещиктің таңғы тірлігі» әңгімелерінің, «Балалық», «Ересектік», «Севастополь әңгімелері» автобиографиялық трилогияның, «Казактар», «Альберт», «Тәубаға келу», «Мен дінге қалай сенемін?», «Иван Ильичтің өлімі», «Крейцер сонатасы», «Пері», «Қажымұрат», «Жалған қағаз», «Балдан кейін» повестерінің, «Отбасы бақыты», «Орыс помещигінің таңғы тірлігі», «Арылу» романдарының, «Соғыс және бейбітшілік», «Мың сегіз жүз бесінші жыл» роман-эпопеяларының, «Әліппе», «Жаңа әліппе» еңбектерінің, «Анна Каренина» психологиялық романының, «Қараңғылықтың өкімі», «Тірі өлік» драмасының, «Тәрбие жемістері» комедиясының авторы.

Т.Манн ол туралы «Гете және Толстой» атты көлемді зерттеу еңбек жазған. М.Горький «Лев Толстой» очеркінде Толстой өмірін жан-жақты суреттеген. Толстой еңбектері Абай мен Шәкерім шығармашылықтарына әсер еткен. Шәкерім Толстойдың «Ассирия патшасы Асархадон», «Үш сауал» шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған. Қазақ тілінде Толстойдың «Анна Каренина», «Арылу», «Соғыс пен бейбитшілік» шығармалары жарық көрген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға