Жаңалықтар

6-қыркүйек

Еңбек күні. АҚШ пен Канадада қыркүйек айының бірінші дүйсенбісінде Еңбек күні мерекесі тойланады. Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Ұлттық ынтымақтастық күні. Болгария Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Шығыс Румелиямен бірігу күні. Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 5-інде орнатылды. Свазиленд Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1968). Свазиленд Корольдігі Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Шығысында Мозамбикпен, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы - Мбабане қаласы (әкімшілік), Лобамба қаласы (королдік резиденция). Мемлекеттік тілі - свази және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - лилангени. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Қуат» холдинг-компаниясы мен «Амлон Трейдинг ЛТД» британ фирмасы негізінде «ҚуатАмлонМұнай» атты алғашқы жеке мұнай компаниясы құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығы жарық көрді. 1997 жылы  алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті. 2006 жылы  «Электрондық үкімет» шеңберінде құрылған Астана қаласының www.astana.kz атты ресми сайты өз жұмысын бастады. Сайт үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. 2006 жылы Мәскеудегі «Пушкин» кинотеатрында «Көшпенділер» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. 1960 жылы  Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері болып өтті. 2005 жылы Алматыдағы Қазақстан-Жапон орталығында «Аки» атты деректі фильмінің таныстырылымы болып өтті. Ұйымдастырушысы - Жас PR-мамандар қауымдастығы, Қазақстан-Жапон орталығы және Bugs продакшн-студиясы. «Аки» қысқа метражды деректі фильмі Қазақстанның аумағында өмір сүрген жапон әскери тұтқындары туралы баяндайды. Фильмді отандық деректеушілер түсірген. Фильмнің негізіне хроникалық кадрлармен қоса жапон жауынгерлерінің қәбірдегі сүйектерін шығарып және оларды елдеріне қайтарылғаны туралы жасалған жұмыстар да енген. 1925 жылы  «Таң» журналында Әлихан Бөкейханов жасаған «Қобыланды» жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды. Қазіргі жер бетіндегі мыңдаған этностар санаулы ғана жырларды туғызады. Мысалы, гректердің «Илиада» немесе «Одиссея», үндістердің «Махабхарата» немесе «Рамаяна» сынды жырларын келтіруге болады. Қазақ халқында, егер нұсқаларымен бірге есептейтін болсақ, мыңдаған эпостық шығармалар бар. Тек қана, «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар екен. «Қобыланды» жыры қазақ жырларының арасында ең көп зерттелген. Жырдың нұсқалары батыр өмірінің 5 кезеңін көрсетеді - 9 ғасырдан 18 ғасырға дейін, шын мәнінде ол 15 ғасырда Әбілқайырханның тұсында және Қазақ хандығының құрылу кезінде өмір сүрген. Көлемді жыр бірден жасалған жоқ, оны жазу кезінде, ол өмірдің қажеттіліктеріне қарай, тарихи кезеңдерге сәйкес өзгертілді. Бұл тарихи ескерткішті сақтауға және дамытуға көптеген жыраулар ат салысты, халық ертегілерінің сансыз жолдарын ұрпақтан ұрпаққа өсиет етіп беріп отырған. Қобыланды туралы жырды тұңғыш рет В.Радлов басып шығарды.  
22.08.2013 11:08 4036

Еңбек күні. АҚШ пен Канадада қыркүйек айының бірінші дүйсенбісінде Еңбек күні мерекесі тойланады.

Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Ұлттық ынтымақтастық күні.

Болгария Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Шығыс Румелиямен бірігу күні. Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 5-інде орнатылды.

Свазиленд Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1968). Свазиленд Корольдігі Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Шығысында Мозамбикпен, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы - Мбабане қаласы (әкімшілік), Лобамба қаласы (королдік резиденция). Мемлекеттік тілі - свази және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - лилангени.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Қуат» холдинг-компаниясы мен «Амлон Трейдинг ЛТД» британ фирмасы негізінде «ҚуатАмлонМұнай» атты алғашқы жеке мұнай компаниясы құрылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығы жарық көрді.

1997 жылы  алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті.

2006 жылы  «Электрондық үкімет» шеңберінде құрылған Астана қаласының www.astana.kz атты ресми сайты өз жұмысын бастады. Сайт үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

2006 жылы Мәскеудегі «Пушкин» кинотеатрында «Көшпенділер» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.

1960 жылы  Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері болып өтті.

2005 жылы Алматыдағы Қазақстан-Жапон орталығында «Аки» атты деректі фильмінің таныстырылымы болып өтті.

Ұйымдастырушысы - Жас PR-мамандар қауымдастығы, Қазақстан-Жапон орталығы және Bugs продакшн-студиясы.

«Аки» қысқа метражды деректі фильмі Қазақстанның аумағында өмір сүрген жапон әскери тұтқындары туралы баяндайды. Фильмді отандық деректеушілер түсірген.

Фильмнің негізіне хроникалық кадрлармен қоса жапон жауынгерлерінің қәбірдегі сүйектерін шығарып және оларды елдеріне қайтарылғаны туралы жасалған жұмыстар да енген.

1925 жылы  «Таң» журналында Әлихан Бөкейханов жасаған «Қобыланды» жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды.

Қазіргі жер бетіндегі мыңдаған этностар санаулы ғана жырларды туғызады. Мысалы, гректердің «Илиада» немесе «Одиссея», үндістердің «Махабхарата» немесе «Рамаяна» сынды жырларын келтіруге болады. Қазақ халқында, егер нұсқаларымен бірге есептейтін болсақ, мыңдаған эпостық шығармалар бар. Тек қана, «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар екен. «Қобыланды» жыры қазақ жырларының арасында ең көп зерттелген.

Жырдың нұсқалары батыр өмірінің 5 кезеңін көрсетеді - 9 ғасырдан 18 ғасырға дейін, шын мәнінде ол 15 ғасырда Әбілқайырханның тұсында және Қазақ хандығының құрылу кезінде өмір сүрген. Көлемді жыр бірден жасалған жоқ, оны жазу кезінде, ол өмірдің қажеттіліктеріне қарай, тарихи кезеңдерге сәйкес өзгертілді. Бұл тарихи ескерткішті сақтауға және дамытуға көптеген жыраулар ат салысты, халық ертегілерінің сансыз жолдарын ұрпақтан ұрпаққа өсиет етіп беріп отырған. Қобыланды туралы жырды тұңғыш рет В.Радлов басып шығарды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға