5-қыркүйек
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
1933 жылы Алматыда М.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры ашылды. Бұл Қазақстандағы байырғы, ең үлкен театрлардың бірі. Театр ұжымы алғаш Семейде ұйымдастырылып, кейін Алматыға ауыстырылған. Сахна пердесін тұңғыш рет К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашты. 1964 жылы орыс ақыны М.Лермонтовтың 150 жылдық мерейтойына орай театрға оның есімі берілді. Театр труппасы 1974 жылы Мәскеуге гастрольге барып, үлкен жетістікпен оралған соң, академиялық театр атағын алды.
2001 жылы Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылу салтанаты болды. Мешіт сегіз қырлы, бұл - Дешті Қыпшақтардың сәулет үлгісіне жатады. Оның үстіндегі 8 қырлы жұлдыз - түркі жұртының ортақ рәмізі. Күмбезі - шаңырақ үлгісінде, 4 мұнараның ұзындығы Пайғамбар жасына орай 63 метр. Бір мезгілде 1500 адам намазға жығылуға мүмкіндігі бар, ерлер мен әйелдер залы бөлек. Мұражай, кітапхана, ислам дінін насихаттайтын бейне зал, неке қию бөлмесі бар. Үлкен залдағы гауһар тасты шамның салмағы 3,5 тонна, биіктігі 16,5 метр, ені 6 метр.
2005 жылы Алматыда Ұлттық тұз өндірушілер қауымдастығы құрылды.
Шараға Азия даму банкі, ЮНИСЕФ пен басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қауымдастық жұмысы елдегі тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, тамақ нарығы маркетингі мен йод тапшылығы салдарынан ауруға шалдыққан тұрғындардың денсаулығын қадағалайтын болады. Бағдарлама «Йод тапшылығы ауруларын алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңы іске асуына
2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаштағы күкіртті ангидридті кәдеге асыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.
Бұл өндірістегі ең маңыздысы сол, оның арқасында аймақтың экологиялық проблемасы шешілгелі отыр. Күкірт қышқылы өндірісінің іске қосылуы күкірт диоксидінің 99 пайыздан астамын сүзіп алып, оны күкірт қышқылына конверсиялауға мүмкіндік береді.
2007 жылы қыркүйектің 5-10 аралығында альпинистер бұған дейін ешкім көтерілмеген Іле Алатауының Талғар шатқалындағы Пушкин шыңына шықты.
Теңіз деңгейінен 4387 метр биіктіктегі бұл шың бірде-бір тау биіктігінің классифакторында белгіленбеген. Сондай-ақ осы уақытқа дейін оған бірде-бір альпинистік топ шықпаған.
Пушкин шыңының маршруты ең әдемі шатқалдан басталып, барлық табиғи аймақтарды басып өтеді.
2009 жылы тұңғыш рет қазақ күйі Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде орындалды.
Өнер ұжымына Құрметті қарауыл ротасының командирі капитан Қанат Әзімбаев басшылық жасады, ал Президенттік оркестрдің бастығы подполковник Талғат Бердіғұлов дирижерлік етті. Қазақстандық ұландар домбырамен Құрманғазының күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті.
2009 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Черное ауылында «СМП-Павлодар» ЖШС-нің кірпіш зауыты іске қосылды.
Құны екі миллион теңге болатын, заманауи қытайлық құрал-жабдықтармен жарақталған кәсіпорын жергілікті кен орнының сапалы сазын пайдаланады.