Ән салсаңыз, ұйықтағанда қорылдамайсыз
22.08.2013 10:27
4872
Оқымыстылар жүргізген зерттеуге көзі ұйқыға кетсе қорылға басатын адамдар таңдап алып, екі топқа бөлген. Алғашқы топ күніне 20 минуттан вокалмен айналысыпты. Ал екінші топтағылар ештеңе істемеген.
Арада үш ай өткенде, "әншілер" қауымының қорылдары азайып, тыныш ұйықтайтыны анықталады.
Айта кететін жайт, қорылдың сол адамның ғана емес, айналасындағылардың да мазасын қашыратын мәселе екені айтпаса да түсінікті. Әрі дәрігерлер оның соңы өлімге де әкелуі мүмкіндігін ескертеді.
Қорылдау тамақтың жоғарғы бөлігінің бұлшықеттерінің әлсіздігінен орын алатын көрінеді. Одан емделуге арнайы вокалдық жаттығулар көмектеседі.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарбыз шырынының пайдасы мол
Келесі жаңалық
16 қарашаға арналған ауа райы болжамы