Қарбыз шырынының пайдасы мол
22.08.2013 10:25
4404
L-цитруллин аминқышқылы бар қарбыз қан айналымды бақылайтын азот оксидімен тығыз байланысты. Соның әсерінен қан қысымы қалыпқа келіп, инсульт пен инфаркт секілді қатерлі дерттердің алдын алуға болады. Картахена техникалық университетінің қызметкерлері қарбыз шырынымен тәжірибе жасап көріпті.
Жаттығудан бір сағат бұрын олар адамдарға табиғи қарбыз бен аминқышқылы қосылған шырынды берген. Нәтижесінде сусынның екі түрі де жүрек жұмысын реттеп, бұлшықеттердің ауырғанын азайтқан. Әсіресе, қарбыз өнімі ерекше сіңіпті.
Дәрігерлер үнемі спортпен айналысатындарға бұлшықет, тамыр, жүрекке түсетін күшті азайтатын қасиеті мол қарбызды көбірек тұтынуға кеңес береді.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Шахтер» Еуропаның үздік 25 клубының қатарына енді
Келесі жаңалық
16 қарашаға арналған ауа райы болжамы