Жаңалықтар

29-тамыз

2008 жылғы тамыздың 29-ынан 30-ына қараған түн - 1429 хижра жылының 26- 27-ші ережебі. Миғраж түні. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн. Словакия Республикасының Ұлттық мейрамы. Италиядағы өнім мейрамы - «Томатина». Бұл мерекені жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде атап өтеді. Осы күні Валенсияға таяу орналасқан Буньол қалашығы шайқас алаңына айналып, көшеге мыңдаған адам шығып, қызанақпен атысады. Дәстүрге айналған қызанақ атысы 60 жылдан астам уақыт жалғасын табуда. 1959 жылы қызанақ атысына ресми түрде тыйым салынды. Бірақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша үкімет органдары рұқсат беруге мәжбүр болды. Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларус, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Монғолия, Араб Әміршілігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония. 1991 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті. 2000 жылы  Қостанай қаласындағы № 9 мектепке ақын Ғафу Қайырбековтың есімі берілді.   2002 жылы  Н.Назарбаев «Астана - Бәйтерек» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Ел еңсесiнiң биiктiгi Астана-Бәйтерек мұнарасымен бейнеленедi. Құрылысты тұрғызу идеясының авторы еліміздің тұңғыш президенті - Н.Назарбаев. Архитектуралық авторлар тобының жетекшісі - А.Рүстембеков. Қазақ аңыздары бойынша Бәйтерек - өмір мен өркендеудің символы. Құрылыс биіктігі - 97 метр. Бұл  ұлы көштің  жаңа астанаға ат басын тiреген жылын білдіреді. Жалпы бұл айбынды асқақ ғимарат-мұнараны салу барысында 2812 текшеметр құйма темiрбетон, 999 тонна металл конструкциялары және прокаттары, 251 тонна өзектемiр арматура қолданылған. Төбесіндегі шардың диаметрі 22 метр. Мұнда демалушыларға арналған дәмхана, аквариум, т.б. қосалқы қызмет көрсететін бөлмелер бар. 2005 жылы Алматыда «Президент және халық» жаңа апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Республикалық қоғамдық-саяси газет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Газеттің бас редакторы - белгілі журналист Марат Тоқашбаев. Газетке Елбасы қабылдаған шешімдер, еліміздің және шетелдердің негізгі оқиғалары, билік органдары қызметінің материалдары басып шығарылады. Көлемі сегіз беттен тұратын баспаның алғашқы санының тиражы 10 мың дананы құрады.
22.08.2013 06:53 3602

2008 жылғы тамыздың 29-ынан 30-ына қараған түн - 1429 хижра жылының 26- 27-ші ережебі. Миғраж түні. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн.

Словакия Республикасының Ұлттық мейрамы.

Италиядағы өнім мейрамы - «Томатина». Бұл мерекені жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде атап өтеді. Осы күні Валенсияға таяу орналасқан Буньол қалашығы шайқас алаңына айналып, көшеге мыңдаған адам шығып, қызанақпен атысады. Дәстүрге айналған қызанақ атысы 60 жылдан астам уақыт жалғасын табуда. 1959 жылы қызанақ атысына ресми түрде тыйым салынды. Бірақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша үкімет органдары рұқсат беруге мәжбүр болды.

Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні.
2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларус, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Монғолия, Араб Әміршілігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония.

1991 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.

2000 жылы  Қостанай қаласындағы № 9 мектепке ақын Ғафу Қайырбековтың есімі берілді.
 
2002 жылы  Н.Назарбаев «Астана - Бәйтерек» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Ел еңсесiнiң биiктiгi Астана-Бәйтерек мұнарасымен бейнеленедi. Құрылысты тұрғызу идеясының авторы еліміздің тұңғыш президенті - Н.Назарбаев. Архитектуралық авторлар тобының жетекшісі - А.Рүстембеков. Қазақ аңыздары бойынша Бәйтерек - өмір мен өркендеудің символы. Құрылыс биіктігі - 97 метр. Бұл  ұлы көштің  жаңа астанаға ат басын тiреген жылын білдіреді. Жалпы бұл айбынды асқақ ғимарат-мұнараны салу барысында 2812 текшеметр құйма темiрбетон, 999 тонна металл конструкциялары және прокаттары, 251 тонна өзектемiр арматура қолданылған. Төбесіндегі шардың диаметрі 22 метр. Мұнда демалушыларға арналған дәмхана, аквариум, т.б. қосалқы қызмет көрсететін бөлмелер бар.

2005 жылы Алматыда «Президент және халық» жаңа апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Республикалық қоғамдық-саяси газет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Газеттің бас редакторы - белгілі журналист Марат Тоқашбаев. Газетке Елбасы қабылдаған шешімдер, еліміздің және шетелдердің негізгі оқиғалары, билік органдары қызметінің материалдары басып шығарылады.
Көлемі сегіз беттен тұратын баспаның алғашқы санының тиражы 10 мың дананы құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
28-тамыз