Жаңалықтар

27-тамыз

Молдова Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Молдова - Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Астанасы - Кишинев қаласы. Мемлекеттік тілі - молдован тілі. Ақша бірлігі - молдова лейі. Қазақстан Республикасы  мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-інде орнатылды. Молдова Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Цуркан Владимир Иванович. Ресей Федерациясының Кино күні. 1992 жылы  Алматыдағы Кино үйінде А.Әшімовтың «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды.  1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 1994 жылы Алматыда Неміс үйі ашылды. 2001 жылы  Елбасы Н.Назарбаев Алматы-Бішкек тас жолының бойында жоңғарлармен болған соғыстағы қазақ халқының жеңісіне арналған тарихи ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Бұл шешімге қарсы Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды. 1859 жылы  полковник Эдвин Дрейктің Тайтасвилла қаласының (АҚШ-тың Пенсильвания штаты) маңына орналастырған алғашқы мұнай құбырынан мұнай шықты. Бұл күн американ мұнай өндірісі дамуының басы болып есептеледі. 1955 жылы Ұлыбританияда «Гиннес рекордтар кітабының» алғашқы басылымы жарық көрді. 1959 жылы  КСРО-да мектепті үздік бітірген оқушыларды медальмен марапаттау туралы қаулы қабылданды. 1984 жылы  КСРО жер астында ядролық қару сынағын өткізді. 2007 жылы Ақтауда жоспарланып отырған Ақтау-Сити құрылысының аумағында сексеннен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды. Энеолит және қола дәуіріндегі тұрақтар және қола, темір және орта ғасырлардағы қорымдар табылды. Олардың арасында Қазақстан аумағында мал шаруашылығының тараған дәуіріндегі Қосқұдық-1 және Қосқұдық -2 тұрақтары орналасқан. Археологиялық қазбалар кезінде Басқұдық-1 діни-қабірлеу орнының қалдықтары табылды. Қалдықтарды тазалау кезінде 11-12 ғасырға жататын қыпшақ бозбаласының қорымы, 12-13 ғасырға жататын мұсылмандардың қорымы табылды. 2009 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
22.08.2013 06:51 3610

Молдова Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Молдова - Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Астанасы - Кишинев қаласы. Мемлекеттік тілі - молдован тілі. Ақша бірлігі - молдова лейі.

Қазақстан Республикасы  мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-інде орнатылды. Молдова Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Цуркан Владимир Иванович.

Ресей Федерациясының Кино күні.

1992 жылы  Алматыдағы Кино үйінде А.Әшімовтың «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды. 

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1994 жылы Алматыда Неміс үйі ашылды.

2001 жылы  Елбасы Н.Назарбаев Алматы-Бішкек тас жолының бойында жоңғарлармен болған соғыстағы қазақ халқының жеңісіне арналған тарихи ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.

1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Бұл шешімге қарсы Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.

1859 жылы  полковник Эдвин Дрейктің Тайтасвилла қаласының (АҚШ-тың Пенсильвания штаты) маңына орналастырған алғашқы мұнай құбырынан мұнай шықты. Бұл күн американ мұнай өндірісі дамуының басы болып есептеледі.

1955 жылы Ұлыбританияда «Гиннес рекордтар кітабының» алғашқы басылымы жарық көрді.

1959 жылы  КСРО-да мектепті үздік бітірген оқушыларды медальмен марапаттау туралы қаулы қабылданды.

1984 жылы  КСРО жер астында ядролық қару сынағын өткізді.

2007 жылы Ақтауда жоспарланып отырған Ақтау-Сити құрылысының аумағында сексеннен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.

Энеолит және қола дәуіріндегі тұрақтар және қола, темір және орта ғасырлардағы қорымдар табылды. Олардың арасында Қазақстан аумағында мал шаруашылығының тараған дәуіріндегі Қосқұдық-1 және Қосқұдық -2 тұрақтары орналасқан.

Археологиялық қазбалар кезінде Басқұдық-1 діни-қабірлеу орнының қалдықтары табылды. Қалдықтарды тазалау кезінде 11-12 ғасырға жататын қыпшақ бозбаласының қорымы, 12-13 ғасырға жататын мұсылмандардың қорымы табылды.

2009 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
26-тамыз