Ақтөбелік футбол жанкүйерлері билетсіз қалды
21.08.2013 04:59
2620
Ақтөбелік футбол жанкүйерлері билет таппай сабылып жүр. «Ақтөбе» футбол қомандасы мен Киевтің «Динамосы» арасында өтетін Еуропа лигасына, іріктеу кезеңі бірінші ойынына билет сату кезінде ұзын кезек болған.
3 мың адамға арналған стадионның алдына 30 мың жанкүйер жиналып, барлық билеттер бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен. Тәуліктің екінші жартысында кассалардың алдында «билет жоқ» деген жазу ілінді. Бұл Ақтөбе үшін үйреншікті жайтқа айналған.
«Бүгін таңнан бері стадион басында жүрміз. Билет ала алмаймыз. Жұрттар 30-40 билеттен алып, 5 мың теңгеден сатуда. Осы жерде тұрғандардың бәрінде бар, бірақ үндемей отыр»,-дейді қала тұрғыны Жанар Сейітмұханова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21-қаңтар
Келесі жаңалық
16 қарашаға арналған ауа райы болжамы