М. Кукушкин Президент кубогының ақтық сынында ұтылды
Қазақстандық Михаил Кукушкин Астанада өткен теннистен Президент Кубогының ақтық сынындағы кездесуде ұтылып қалды деп хабарлайды Vesti.kz.
Қорытынды матчта Кукушкин бірінші кездесуде Дуди Селеден жеңілді. Айта кетер жайт, жаңбырдың әсерінен маңызды кездесуде аздап үзіліс болды.
Тайм-аут теннис алаңы иегерінің пайдасына шешілді: бастапқы кездесуде қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңді, ал ойынның екінші бөлігінде 2:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал үшінші кездесуде Кукшкиннің арқасы ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Медициналық үзілістен кейін алаң иесі басымдық танытқанымен, кездесудің соңына қарай тізгінді қолдан шығарып алды - 6:7 (6:8)
Еске сала кетсек, турнирде жеңіске жеткен спортшыға 18 мың доллар беріледі - ерлер арасындағы турнирдің сыйлық қорында 125 мың доллар бар. Ал әйелдер арасында сыйлық қоры - 100 мың (жеңімпазға шамамен 15 мың).