Жаңалықтар

Алматы – 2 вокзалында пойыз соқтығысып, іс қозғалды...

Кеше кешке қарай Алматы – 2 темір жол вокзалының 4-ші жолында маневрлік пойыз тіркемесіндегі жолаушыларсыз №15 «Алматы – Петропавл» бағытына қатынайтын пойызбен тап осы жолда жолаушыларды отырғызып жатқан №301/302 «Новосібір – Алматы» пойызымен соқтығысу оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.  Салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 4 адам ауруханаға жатқызылып (оның бірі жолаушы), одан өзге 50-ге жақын азамат жеңіл жарақаттармен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда, олар өз еріктерімен аурухана төсегіне жатудан бас тартқан.  Осы оқиғаға байланысты Жетісу көлік прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы, 4 тармағына сәйкес (темір жол көлігін пайдалану немесе қауіпсіз қозғалту ережесін бұзу фактісі бойынша) қылмыстық іс қозғап, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады.  Baq.kz
29.07.2013 03:41 3366

Кеше кешке қарай Алматы – 2 темір жол вокзалының 4-ші жолында маневрлік пойыз тіркемесіндегі жолаушыларсыз №15 «Алматы – Петропавл» бағытына қатынайтын пойызбен тап осы жолда жолаушыларды отырғызып жатқан №301/302 «Новосібір – Алматы» пойызымен соқтығысу оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 4 адам ауруханаға жатқызылып (оның бірі жолаушы), одан өзге 50-ге жақын азамат жеңіл жарақаттармен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда, олар өз еріктерімен аурухана төсегіне жатудан бас тартқан. 
Осы оқиғаға байланысты Жетісу көлік прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы, 4 тармағына сәйкес (темір жол көлігін пайдалану немесе қауіпсіз қозғалту ережесін бұзу фактісі бойынша) қылмыстық іс қозғап, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға