Жаңалықтар

Қалихан Ысқақовтың «Тұйық» романы 1975 жылы жазылған

Повестегі көтерілген үлкен проблема қарапайым адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынасының күн санап өзгеріп келе жатқаны, оны қорғау мен аялау адамдардың ғана қолынан келеді деген идеяға бағындырады. Соңғы жылдары орман қоры азайып, адамдардың жұмыс нарқы арзандап, елдің де өмірі тұрақсызданып, бірі бұғы савхоздарына, бірі алтын рудасын қазатын рудниктерге көшіп жатқанына жазушы көңілі алаңдап, өзі өмір сүріп отырған ортадағы өмір шындығына алаңдаушылықпен қарайтынын байқаймыз. Қалихан Ысқақовтың «Тұйық» романы 1975 жылы жазылған, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл өмірі мен соғыс өмірінен кеңінен мағлұмат беретін, соғыстан кейінгі жылдардағы қарапайым адамдардың басынан кешкен ауыртпалығын арқау етеді. Бұл романның кейіпкерлері Бәтиха кемпір, оның жалғыз ұлы Әлмұрат, Әлмұраттың әкесінің інісі Қажымұрат, Қажымұраттың жақсы көрген әйелі Зылиха, оның соғыстан екі аяғынан айырылып келген, кейіннен қайтыс болған күйеуі Төремұрат, орыс шалы Трофим т.б. Романның басты кейіпкері Қажымұрат туған ауылына ес білгелі  екі-үш-ақ дүркін келіп, кейіннен ауылынан тыс жерде өмір сүреді. Жеңгесі Бәтиханың қолына төрт жасынан қарап, қиын-қыстау аш өзек шақ келіп киліккенде қайнысын детдомға тапсырып жіберген де осы жеңгесі Бәтиха болады. Содан бала Қажымұрат 1942 жылдың қысында елін қайта тауып, біраз жылдан соң қайта жоғалып кетеді. Роман оқиғалары басынан-аяғына дейін осы Қажымұрат төңірегінде өрбиді. Оның басынан кешкен қиындықтары, өмірдегі аралас-құралас болған адамдарымен қарым-қатынасы жан-жақты суреттеле отырып, оның характері кескін-тұрпаты, жан дүниесі әсіресе айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы үстінде жан-жақты ашылады. Ол әрқашанда адамдарға көмектескеніне, жақсылық жасағанына риза жан болып көрінеді. Ал, жеңгесі Бәтиханы жалғыз ұлы жұртқа тастап, отау тігіп бөлек кеткен. Осыны білетін Қажымұрат жеңгесі басына қанша қиыншылық әкелгенін есепке алмай, қартайғандағы кемпірдің мүшкіл халін ойлап, ет-бауыры езіліп жаны ашиды. Бұл шығармадағы айтылған оқиғалар белгілі бір кезеңнің соғысқа дейінгі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттың мөлтек шындығы болып алынады. Болып өткен оқиғалармен қоса бүгінгі өмірдің де көкейкесті проблемаларының тығыз байланысы романның өн бойынан  сезіледі. Қаламгер нені насихаттаса да, нені мансұқтаса да оқушыны өзінің сеніміне жүгіндіре алады. «Тұйықтан» түрлі көзқарастағы қазақтың қарапайым адамдарын табамыз, олардың мінезі мен дүниетанымын қалыптастырып отырған ортаның сырына қанығамыз. Мұндағы оқиғалар табиғи дамығаны соншалық кейіпкерлердің дұрыс, бұрыс әрекеттеріне оқырман бірден үкім шығаруға асықпайды, өйткені оның бәрі де обьективті ситуациялар үстінде ашылып отырады. Осы романдағы есте қалатын бір бейне – Зылиха. Бұрын күйеуі әскери болған Зылиха, кейіннен колхоз жұмысына араласып, азабы мен арманы жоқ тоқмейіл өмір кешкеннен гөрі, келер күннің үмітімен өмір сүргенді артық көретін кейіпкер. Зылиха мен Қажымұрат шүйіркелесіп әңгілеспесе де бір-бірін қас-қабағынан түсінеді, тағдыр  бұйрығымен бөлек өмір кешіп келе жатқан, екеуінің түтіні тұтанбай жатып сөнген, өмірдің өткелінде жығылған, оған екеуі де өздерін кіналайды. Шығарманың оқиғалық өрісі көбінде «Мұрат» аулында өтеді, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас сырын аша білген жазушы байланыстар диалектикасының шыншылдығы мен өміршеңдігін кез-келген оқиғаға дарыта білген. Мұнда суреткердің өмірді өзінше тануы мен кейіпкерлердің мінезінің даралық сымбатын сәтті табуы шындық шартымен белгіленген.
26.07.2013 10:45 8708

Повестегі көтерілген үлкен проблема қарапайым адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынасының күн санап өзгеріп келе жатқаны, оны қорғау мен аялау адамдардың ғана қолынан келеді деген идеяға бағындырады. Соңғы жылдары орман қоры азайып, адамдардың жұмыс нарқы арзандап, елдің де өмірі тұрақсызданып, бірі бұғы савхоздарына, бірі алтын рудасын қазатын рудниктерге көшіп жатқанына жазушы көңілі алаңдап, өзі өмір сүріп отырған ортадағы өмір шындығына алаңдаушылықпен қарайтынын байқаймыз.

Қалихан Ысқақовтың «Тұйық» романы 1975 жылы жазылған, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл өмірі мен соғыс өмірінен кеңінен мағлұмат беретін, соғыстан кейінгі жылдардағы қарапайым адамдардың басынан кешкен ауыртпалығын арқау етеді. Бұл романның кейіпкерлері Бәтиха кемпір, оның жалғыз ұлы Әлмұрат, Әлмұраттың әкесінің інісі Қажымұрат, Қажымұраттың жақсы көрген әйелі Зылиха, оның соғыстан екі аяғынан айырылып келген, кейіннен қайтыс болған күйеуі Төремұрат, орыс шалы Трофим т.б. Романның басты кейіпкері Қажымұрат туған ауылына ес білгелі  екі-үш-ақ дүркін келіп, кейіннен ауылынан тыс жерде өмір сүреді. Жеңгесі Бәтиханың қолына төрт жасынан қарап, қиын-қыстау аш өзек шақ келіп киліккенде қайнысын детдомға тапсырып жіберген де осы жеңгесі Бәтиха болады. Содан бала Қажымұрат 1942 жылдың қысында елін қайта тауып, біраз жылдан соң қайта жоғалып кетеді. Роман оқиғалары басынан-аяғына дейін осы Қажымұрат төңірегінде өрбиді. Оның басынан кешкен қиындықтары, өмірдегі аралас-құралас болған адамдарымен қарым-қатынасы жан-жақты суреттеле отырып, оның характері кескін-тұрпаты, жан дүниесі әсіресе айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы үстінде жан-жақты ашылады. Ол әрқашанда адамдарға көмектескеніне, жақсылық жасағанына риза жан болып көрінеді. Ал, жеңгесі Бәтиханы жалғыз ұлы жұртқа тастап, отау тігіп бөлек кеткен. Осыны білетін Қажымұрат жеңгесі басына қанша қиыншылық әкелгенін есепке алмай, қартайғандағы кемпірдің мүшкіл халін ойлап, ет-бауыры езіліп жаны ашиды.

Бұл шығармадағы айтылған оқиғалар белгілі бір кезеңнің соғысқа дейінгі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттың мөлтек шындығы болып алынады. Болып өткен оқиғалармен қоса бүгінгі өмірдің де көкейкесті проблемаларының тығыз байланысы романның өн бойынан  сезіледі. Қаламгер нені насихаттаса да, нені мансұқтаса да оқушыны өзінің сеніміне жүгіндіре алады. «Тұйықтан» түрлі көзқарастағы қазақтың қарапайым адамдарын табамыз, олардың мінезі мен дүниетанымын қалыптастырып отырған ортаның сырына қанығамыз. Мұндағы оқиғалар табиғи дамығаны соншалық кейіпкерлердің дұрыс, бұрыс әрекеттеріне оқырман бірден үкім шығаруға асықпайды, өйткені оның бәрі де обьективті ситуациялар үстінде ашылып отырады. Осы романдағы есте қалатын бір бейне – Зылиха. Бұрын күйеуі әскери болған Зылиха, кейіннен колхоз жұмысына араласып, азабы мен арманы жоқ тоқмейіл өмір кешкеннен гөрі, келер күннің үмітімен өмір сүргенді артық көретін кейіпкер. Зылиха мен Қажымұрат шүйіркелесіп әңгілеспесе де бір-бірін қас-қабағынан түсінеді, тағдыр  бұйрығымен бөлек өмір кешіп келе жатқан, екеуінің түтіні тұтанбай жатып сөнген, өмірдің өткелінде жығылған, оған екеуі де өздерін кіналайды. Шығарманың оқиғалық өрісі көбінде «Мұрат» аулында өтеді, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас сырын аша білген жазушы байланыстар диалектикасының шыншылдығы мен өміршеңдігін кез-келген оқиғаға дарыта білген. Мұнда суреткердің өмірді өзінше тануы мен кейіпкерлердің мінезінің даралық сымбатын сәтті табуы шындық шартымен белгіленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға