Жаңалықтар

Қалихан Ысқақтың «Бұқтырма сарыны» повесінің мазмұны

Қасым өз әкесінің туған ағасын «Шалым» деп атайды, шын аты – Ыбырай өз баласы жоқ болғандықтан Қасымға үйірсектей береді және сырттай қамқорлық танытып, тілектес ниетпен көмектесіп, қол ұшын беріп көмектесіп отырады. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік жайындағы мектеп ұстаздарының өсиеттеріне, интернат ұлдары мен қыздарының балғын жүректеріндегі сезімге, көңілде тұтанбай қалған оттың қалғанына, адам көңілінің қысы, жазы, көктемі мен шуағы бар екеніне арналған десе болғандай, бір сөзбен айтқанда бұл жайларды  жазушы өзінің суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған. Қалихан Ысқақтың «Бұқтырма сарыны» повесінің мазмұны Бұқтырманың әсем табиғатының аясында өмір сүріп жатқан адамдардың тағдырын арқау еткен. Бұл повестің кейіпкерлері де санаулы. Олар: орыс шал Жәгөр, оның немере қызы Дунька, қазақ жігіті Аян төңірегіндегі оқиғаларға негізделген. Бұқтырманың айналасындағы  самаладай қалың ағаш, аспаннан түскен күн сәулесі, шапшыған ақ көбікті өзен суы келісті әрі адам характерлерімен орайластырыла суреттелген тұстары нанымды әрі шебер деуге болады. Айдалада орман ішінде тірлік кешіп жатқан шал мен оның немересі Дуньканың өмірі басқа қарапайым адамдардан өзгеше және қазақ өміріне беймәлім сырлары бар екенін, келіп-кетіп жүрген шопыр жігіт Аянның орыс қызына ұнап қалуын, оған шал тарапынан көрсетілген қарсылықтар, орыс шалының өткен өмірінің суреттері қызғылықты баяндалады. Өзінің фамилиясын жаза алмаймын Дуньканың аңқаулығы, кісікиіктігі, табиғи мінезі нанымды  беріледі. Орыс қызының бар арманы бала кезінен арғы жағаға өту. Өлмелі шалдың бакенге байланып қалған несі бар деген сұрақ қызды да мазалайды. Сол өңірдегі өзгермейтін осы бакен мен өзінің атасы екеніне қыз сенімді болып өседі. Ені жалпақ, суы мол Бұқтырманың, міз бақпайтын қалың орманы мен мұздай көкшағыр құздар ертеректе қыз көзіне биік сияқты көрінгенімен кейінгі кезде қыздың көңілі бұзылады. Әсіресе жазушы оқымаған орыс қызының психологиясын  терең ашады: «Оның он алты жасына дейін өмірден бар тірнектеп түйгені, білгені – адамдардың үш-ақ сорты: бір сорты – атасы, екінші сорты – мылқаулар, үшінші сорты – бәдіктер. Әрине оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі сорты – һарам дүниенің «құдайдан безген» пенделері. Ал, бар қиналатыны, Аянды осы екі топтың қайсысына сыйғызарын білмей дал...». Қыздың қазақ жігітіне ғашық болуы, оның ауылына Дуньканың өзі іздеп баруы, екеуінің повесть соңында қосылуы оқушысының көңіліне қонымды әсер етеді.
26.07.2013 10:44 5972

Қасым өз әкесінің туған ағасын «Шалым» деп атайды, шын аты – Ыбырай өз баласы жоқ болғандықтан Қасымға үйірсектей береді және сырттай қамқорлық танытып, тілектес ниетпен көмектесіп, қол ұшын беріп көмектесіп отырады. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік жайындағы мектеп ұстаздарының өсиеттеріне, интернат ұлдары мен қыздарының балғын жүректеріндегі сезімге, көңілде тұтанбай қалған оттың қалғанына, адам көңілінің қысы, жазы, көктемі мен шуағы бар екеніне арналған десе болғандай, бір сөзбен айтқанда бұл жайларды  жазушы өзінің суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған.

Қалихан Ысқақтың «Бұқтырма сарыны» повесінің мазмұны Бұқтырманың әсем табиғатының аясында өмір сүріп жатқан адамдардың тағдырын арқау еткен. Бұл повестің кейіпкерлері де санаулы. Олар: орыс шал Жәгөр, оның немере қызы Дунька, қазақ жігіті Аян төңірегіндегі оқиғаларға негізделген. Бұқтырманың айналасындағы  самаладай қалың ағаш, аспаннан түскен күн сәулесі, шапшыған ақ көбікті өзен суы келісті әрі адам характерлерімен орайластырыла суреттелген тұстары нанымды әрі шебер деуге болады.

Айдалада орман ішінде тірлік кешіп жатқан шал мен оның немересі Дуньканың өмірі басқа қарапайым адамдардан өзгеше және қазақ өміріне беймәлім сырлары бар екенін, келіп-кетіп жүрген шопыр жігіт Аянның орыс қызына ұнап қалуын, оған шал тарапынан көрсетілген қарсылықтар, орыс шалының өткен өмірінің суреттері қызғылықты баяндалады. Өзінің фамилиясын жаза алмаймын Дуньканың аңқаулығы, кісікиіктігі, табиғи мінезі нанымды  беріледі. Орыс қызының бар арманы бала кезінен арғы жағаға өту. Өлмелі шалдың бакенге байланып қалған несі бар деген сұрақ қызды да мазалайды. Сол өңірдегі өзгермейтін осы бакен мен өзінің атасы екеніне қыз сенімді болып өседі. Ені жалпақ, суы мол Бұқтырманың, міз бақпайтын қалың орманы мен мұздай көкшағыр құздар ертеректе қыз көзіне биік сияқты көрінгенімен кейінгі кезде қыздың көңілі бұзылады. Әсіресе жазушы оқымаған орыс қызының психологиясын  терең ашады: «Оның он алты жасына дейін өмірден бар тірнектеп түйгені, білгені – адамдардың үш-ақ сорты: бір сорты – атасы, екінші сорты – мылқаулар, үшінші сорты – бәдіктер. Әрине оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі сорты – һарам дүниенің «құдайдан безген» пенделері. Ал, бар қиналатыны, Аянды осы екі топтың қайсысына сыйғызарын білмей дал...». Қыздың қазақ жігітіне ғашық болуы, оның ауылына Дуньканың өзі іздеп баруы, екеуінің повесть соңында қосылуы оқушысының көңіліне қонымды әсер етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға