Жаңалықтар

Басқа халықтар сияқты қазақтардың да ғасырлар бойы тәрбиелік жөнінде жинаған тәжірибесі мол

Қ. Салғараұлы өзінің  еңбек жолын 1957 жылы шопан таяғынан бастаған. Күні бойы сар далада жалғыздан жалғыз табиғатпен тіл қатысып, ұзын сонар күнде Жер атты планетаның баяу ырғағында тербелесің де жүресің.   Айналаңда сенімен тіл табысып, тіл қатысар адам жоқ. Алдында Ана омырауына жабысқан баладай Жер-Ананың бауырынан басын алмаған Шопан Ата жарықтық, мынау ұшы-қиыры жоқ далада әр нәрсеге бақылау жүргізген сен ғана. Сондықтан да болар «Қойшығара Салғарин – қазақ публицистика саласында өзіндік қолтаңбасымен танылып қалған талантты жазушылардың бірі ғана емес, айшықты тіл, өмір ќұбылыстарын суреттеудегі аңғарымпаздық  - Қойшығара ағаның қаламына тєн сипаттар. «Балауса бақыт» деген тақырыппен берілген повестен үзіндімен танысайықшы. Бұл шығарма -  автобиографиялық шығармалардың бірі. Басқа халықтар сияқты қазақтардың да ғасырлар бойы тәрбиелік жөнінде жинаған тәжірибесі мол. Аға буын өз бойындағы  ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, кішіпейілділік, туған жерін сүю секілді ең асыл қасиеттерді жас ұрпақ миына құйып келеді. Ұлы Абайдың :                   Туғанда дүние есігін ашады өлең,                   Өлеңмен жер қойнына кірер денең.                   Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,                   Ойласаңшы, бос қақпай елең – селең,- деген өлеңі адамның жарық дүниеге келген күннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым–қатынасы – салт-дәстүрлерден ерекше орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі екеніне дәлел. Өз ұрпақтарының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнерлі де өнегелі, салауатты  болып өсуін армандаған қасиетті ата – бабаларымыз бойларындағы бар асыл қасиеттерін сан ғасырлар бойы өлең-жырлармен   насихаттады. Қойшығара Салғараұлының шығармаларындағы адам әр қырынан суреттеледі. Ол тек қана еңбек адамы ғана емес, ет пен сүйектен жаратылған, сезімге берілген, ақылды да парасатты, парықсыз да қоғамды бүлдіретін кейіпкерлер. Қоғам олардың теріс іс-әрекеттерін әшкере етеді, болашақ ұрпаққа олардың қасиетсіз әрекеттерінің жосықсыз екендігін дәлелдейді.  Қойшығара Салғараұлының шығармаларын оқу барысында қарапайым адам бойындағы асыл қасиеттерді танисың, талпынуға тырысасың. Осылай болу керек деген тәрбие жолын таңдайсың. Жалпы болашақ ұрпақтың өсу, өрлеу жолының бастау бұлағы халық арасындағы ұлылар мен даналардың, қарапайым ауыл адамдарының бойынан табылатын қасиеттерден басталатынына көз жеткізесің.
26.07.2013 10:16 8675

Қ. Салғараұлы өзінің  еңбек жолын 1957 жылы шопан таяғынан бастаған. Күні бойы сар далада жалғыздан жалғыз табиғатпен тіл қатысып, ұзын сонар күнде Жер атты планетаның баяу ырғағында тербелесің де жүресің.   Айналаңда сенімен тіл табысып, тіл қатысар адам жоқ. Алдында Ана омырауына жабысқан баладай Жер-Ананың бауырынан басын алмаған Шопан Ата жарықтық, мынау ұшы-қиыры жоқ далада әр нәрсеге бақылау жүргізген сен ғана. Сондықтан да болар «Қойшығара Салғарин – қазақ публицистика саласында өзіндік қолтаңбасымен танылып қалған талантты жазушылардың бірі ғана емес, айшықты тіл, өмір ќұбылыстарын суреттеудегі аңғарымпаздық  - Қойшығара ағаның қаламына тєн сипаттар. «Балауса бақыт» деген тақырыппен берілген повестен үзіндімен танысайықшы. Бұл шығарма -  автобиографиялық шығармалардың бірі.

Басқа халықтар сияқты қазақтардың да ғасырлар бойы тәрбиелік жөнінде жинаған тәжірибесі мол. Аға буын өз бойындағы  ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, кішіпейілділік, туған жерін сүю секілді ең асыл қасиеттерді жас ұрпақ миына құйып келеді. Ұлы Абайдың :

                  Туғанда дүние есігін ашады өлең,

                  Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

                  Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

                  Ойласаңшы, бос қақпай елең – селең,-

деген өлеңі адамның жарық дүниеге келген күннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым–қатынасы – салт-дәстүрлерден ерекше орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі екеніне дәлел. Өз ұрпақтарының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнерлі де өнегелі, салауатты  болып өсуін армандаған қасиетті ата – бабаларымыз бойларындағы бар асыл қасиеттерін сан ғасырлар бойы өлең-жырлармен   насихаттады. Қойшығара Салғараұлының шығармаларындағы адам әр қырынан суреттеледі. Ол тек қана еңбек адамы ғана емес, ет пен сүйектен жаратылған, сезімге берілген, ақылды да парасатты, парықсыз да қоғамды бүлдіретін кейіпкерлер. Қоғам олардың теріс іс-әрекеттерін әшкере етеді, болашақ ұрпаққа олардың қасиетсіз әрекеттерінің жосықсыз екендігін дәлелдейді. 

Қойшығара Салғараұлының шығармаларын оқу барысында қарапайым адам бойындағы асыл қасиеттерді танисың, талпынуға тырысасың. Осылай болу керек деген тәрбие жолын таңдайсың. Жалпы болашақ ұрпақтың өсу, өрлеу жолының бастау бұлағы халық арасындағы ұлылар мен даналардың, қарапайым ауыл адамдарының бойынан табылатын қасиеттерден басталатынына көз жеткізесің.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға