Жаңалықтар

Ауылға мен бармасам, сен бармасаң, ол бармаса, кім барады - елді кім көтереді?

Қазақ кіндік қаны тамған туған ауылын өте қастерлейді. Сондықтан кейбір халық саны аз, мектебі жоқ ауылдарда тұратын тұрғындар басқа жерге көшкісі келмеуі мүмкін. Мұндай ауылдар саналы түрде қамқорлыққа алынып, табиғи ерекшеліктеріне орай шағын ауылдарда түрлі шаруашылықтар ашылса, нұр үстіне нұр болмақ. Ал, бұл ауылдың балалары тірек пунктерінде ашылған мектеп-интернаттарда оқытылса, біраз проблеманың түйіні өзінен-өзі ақ шешілмей ме? Қазақстан халқының елу пайызға жуығы ауылда тұрады. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар болғандықтан, ұлттық діліміз, болмысымыз негізінен ауылда қалыптасатыны белгілі. Тарихымызды таратып айтар болсақ, тәуелсіздік тұғырына көтерілгеннен кейін көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, еңселі елдер қатарына қосылдық. Дегенмен, әрқашан жаман мен жақсының қатар келуі өкінішті –  өмір заңдылығы. Соңғы жылдары ауылды өзінің ажарынан алыстатып алғанымыз алдымызды барлай алмағанымыз-ау деп те ойлаймыз. Әрбір адамның тамақпен, үймен, көлікпен т.б. тұрмысқа, өмір сүруге қажетті жайттармен қамтамасыз етілген, экологиялық таза аймақта тұрғысы келетіні айдан анық. Жерұйық іздеген Асан қайғы сияқты халық жұмыс іздеп, жер іздеп тентіреп, босып кетті. Халықтың күнкөріс жағдайы  төмендеген соң адамгершілік, ар-ұят сияқты қасиеттерден жұрдай бола бастады. Рухани дүниемізді молайтушы кітапхана, театр, клубтардың жабылу кесірінен, ел ішінде ұрлық - қарлық, ұрып - соғу т.б. жағымсыз жайттер көбейді. Бұл тұста елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы өте күрделі жағдайда еді. Қазіргі таңда қазақ ауылының хал-жағдайы баршамызға белгілі. Кейбір ауылдар географиялық картада көрсетілгенімен, шын мәнінде жер бетінен жойылып кеткендері бар. Алайда, ауылдың тыныс-тіршілігі бәрінде біркелкі деп айту қисынсыз. Оның өзіндік жетістіктері де бар, кемшіліктері де жоқ емес. Ауылға мен бармасам, сен бармасаң, ол бармаса, кім барады - елді кім көтереді? Жат жарылқамайды. Жат барыңды алу үшін, қалтасына салу үшін келеді. Жер түбінен өзге елді жарылқау үшін келгендерді тарих әзірге білмейді. Осыны түсінетін, отаншылдық сезіміміздің, намысымыздың оянатын кезі туды. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» қағидасын «Оян, бүгінгі жас!» деп жаңғыртатын күн келген сияқты. Ауылды жерлерде маман тапшылығынан қаншама қиындықтардың болып жатқанын көріп, біліп отырмыз. Ел-елде, жер-жерде, мұғалімдердің жетіспегендігінен     жүздеген      емес,      мыңдаған іні-қарындастарымыздың    білімсіз    қалып    жатқаны       қалай    жанымызға батпайды? Олардың   көздері   жәудіреп сауатсыз   қалуы   өркениетке бет алып, әлемдік білім кеңістігіне шығар тұста біз үшін неге сын болмайды? Алдыңғы толқын    балабақшада   тәрбиелеп, мектепте білім беріп, жоғары оқу орындарында дүниежүзілік озық техника мен технологияның негіздерінде теория мен   практиканы   ұштастыра отырып,   биік дәрежелі маман етіп шығарғанда,   сол білімсіз   қалып бара жатқан ұл мен қызды неге біз  қатарға тартпаймыз.  Білімді де білікті етіп шығармаймыз. «Оян, бүгінгі жас!» деуіміздің бір сыры осында жатыр. Елбасы  Н.Назарбаев   өз   жолдауында   «Ауыл   дегеніміз   —    сайып келгенде халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани   тіршілігіміздің   қайнары», —  деп атап көрсеткен-ді. Халқымыздың кәсіби өмірі қалыптастырған осы бір игі дәстүрлерді жандандыру қажет. Осы   мәселелердің қай - қайсын да іскерлік пен шеше білу керек. Ауыл үшін мал басын   көбейту бірден - бір байлық көзі болса, ал берік жемшөп базасы мал шаруашылығын серпінді дамытудың шешуші факторы.  Бұл бағытта жоғарыда сөз болған жәйттерді тездетіп іске   асыру қазіргі кезек күттірмейтін іс. Алдағы жылдар бедерінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығая түсеріне өз басым толықтай сенеміз. Бұл салада  проблема өте көп. Оның бәрін айта беру қиын. Қалай болғанда да елдің ауылсыз күні жоқ. Ендеше ауылды көтеру ел азаматтарының перзенттік парызы. Ауыл – біздің кіші Отанымыз дегім келеді.
26.07.2013 10:05 4577

Қазақ кіндік қаны тамған туған ауылын өте қастерлейді. Сондықтан кейбір халық саны аз, мектебі жоқ ауылдарда тұратын тұрғындар басқа жерге көшкісі келмеуі мүмкін. Мұндай ауылдар саналы түрде қамқорлыққа алынып, табиғи ерекшеліктеріне орай шағын ауылдарда түрлі шаруашылықтар ашылса, нұр үстіне нұр болмақ. Ал, бұл ауылдың балалары тірек пунктерінде ашылған мектеп-интернаттарда оқытылса, біраз проблеманың түйіні өзінен-өзі ақ шешілмей ме?

Қазақстан халқының елу пайызға жуығы ауылда тұрады. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар болғандықтан, ұлттық діліміз, болмысымыз негізінен ауылда қалыптасатыны белгілі.

Тарихымызды таратып айтар болсақ, тәуелсіздік тұғырына көтерілгеннен кейін көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, еңселі елдер қатарына қосылдық. Дегенмен, әрқашан жаман мен жақсының қатар келуі өкінішті –  өмір заңдылығы. Соңғы жылдары ауылды өзінің ажарынан алыстатып алғанымыз алдымызды барлай алмағанымыз-ау деп те ойлаймыз.

Әрбір адамның тамақпен, үймен, көлікпен т.б. тұрмысқа, өмір сүруге қажетті жайттармен қамтамасыз етілген, экологиялық таза аймақта тұрғысы келетіні айдан анық. Жерұйық іздеген Асан қайғы сияқты халық жұмыс іздеп, жер іздеп тентіреп, босып кетті. Халықтың күнкөріс жағдайы  төмендеген соң адамгершілік, ар-ұят сияқты қасиеттерден жұрдай бола бастады. Рухани дүниемізді молайтушы кітапхана, театр, клубтардың жабылу кесірінен, ел ішінде ұрлық - қарлық, ұрып - соғу т.б. жағымсыз жайттер көбейді. Бұл тұста елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы өте күрделі жағдайда еді.

Қазіргі таңда қазақ ауылының хал-жағдайы баршамызға белгілі. Кейбір ауылдар географиялық картада көрсетілгенімен, шын мәнінде жер бетінен жойылып кеткендері бар. Алайда, ауылдың тыныс-тіршілігі бәрінде біркелкі деп айту қисынсыз. Оның өзіндік жетістіктері де бар, кемшіліктері де жоқ емес.

Ауылға мен бармасам, сен бармасаң, ол бармаса, кім барады - елді кім көтереді? Жат жарылқамайды. Жат барыңды алу үшін, қалтасына салу үшін келеді. Жер түбінен өзге елді жарылқау үшін келгендерді тарих әзірге білмейді. Осыны түсінетін, отаншылдық сезіміміздің, намысымыздың оянатын кезі туды. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» қағидасын «Оян, бүгінгі жас!» деп жаңғыртатын күн келген сияқты. Ауылды жерлерде маман тапшылығынан қаншама қиындықтардың болып жатқанын көріп, біліп отырмыз. Ел-елде, жер-жерде, мұғалімдердің жетіспегендігінен     жүздеген      емес,      мыңдаған іні-қарындастарымыздың    білімсіз    қалып    жатқаны       қалай    жанымызға батпайды? Олардың   көздері   жәудіреп сауатсыз   қалуы   өркениетке бет алып, әлемдік білім кеңістігіне шығар тұста біз үшін неге сын болмайды? Алдыңғы толқын    балабақшада   тәрбиелеп, мектепте білім беріп, жоғары оқу орындарында дүниежүзілік озық техника мен технологияның негіздерінде теория мен   практиканы   ұштастыра отырып,   биік дәрежелі маман етіп шығарғанда,   сол білімсіз   қалып бара жатқан ұл мен қызды неге біз  қатарға тартпаймыз.  Білімді де білікті етіп шығармаймыз. «Оян, бүгінгі жас!» деуіміздің бір сыры осында жатыр.

Елбасы  Н.Назарбаев   өз   жолдауында   «Ауыл   дегеніміз   —    сайып келгенде халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани   тіршілігіміздің   қайнары», —  деп атап көрсеткен-ді. Халқымыздың кәсіби өмірі қалыптастырған осы бір игі дәстүрлерді жандандыру қажет. Осы   мәселелердің қай - қайсын да іскерлік пен шеше білу керек. Ауыл үшін мал басын   көбейту бірден - бір байлық көзі болса, ал берік жемшөп базасы мал шаруашылығын серпінді дамытудың шешуші факторы.  Бұл бағытта жоғарыда сөз болған жәйттерді тездетіп іске   асыру қазіргі кезек күттірмейтін іс. Алдағы жылдар бедерінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығая түсеріне өз басым толықтай сенеміз. Бұл салада  проблема өте көп. Оның бәрін айта беру қиын. Қалай болғанда да елдің ауылсыз күні жоқ. Ендеше ауылды көтеру ел азаматтарының перзенттік парызы. Ауыл – біздің кіші Отанымыз дегім келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға