Тамыз айында Қазақстанның үш өңірінде электр энергиясының құны арзандайды. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.
«1 тамыздан бастап Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Алматыда электр энергиясының құны арзандайды», - деді Алпысбаев.
Мәлім етілген ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысында электр энергиясын жеткізу және үлестіру қызметіне 4,6%-ға төмендетілген уақытша өтемдік тариф енгізілді, яғни ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт үшін 4,38 теңгеден 4,17 теңгеге арзандатылды. Алматыда «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның 2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысына жасалған талдау негізінде электр энергиясын жеткізу және үлестіру қызметіне 0,4%-ға төмендетілген уақытша өтемдік тариф енгізілді, яғни ҚҚС қоса есептегенде 1 кВТ үшін 5,42-ден 5,39 теңгеге арзандады. Нәтижесінде негізсіз табыс көлемі 115,4 млн теңгені құрады. Шығыс Қазақстан облысында «Шығысэнерготрейд» ЖШС үшін электр энегриясының орташа құны ҚҚС қоса есептегенде 10,21 теңгеден 10,14 теңгеге немесе 0,7%-ға төмендеді.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға