«Шахтер» - «Скендербеу» матчы өтетін күн белгілі болды
26.07.2013 09:19
2756
Қазақстанның футболдан екі дүркін чемпионы қарағандылық «Шахтер» мен албандық «Скендербеу» арасында өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 30 шілдеде кешкі 19.00-де Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кіру тегін. KazSport телеарнасы матчты тікелей эфирден көрсетеді, трансляция 18.45-те басталады.
Қарағандылық клуб екінші іріктеу кезеңінде белорустық БАТЭ-ні жеңген болатын. Кейіннен «Шахтер» алаңы УЕФА-ның техникалық талаптарына сай келмейтіндігі анықталып, ойын Астанаға ауыстырылды.
Бұл жағдай қарағандылық фанаттарға ұнай қойған жоқ. Олар кездесуді Астанаға ауыстыруға қарсы шығып, қала тұрғындарының дауысын жинады.
Бақ.кз
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әйелін қызғанған ғалым у берген
Келесі жаңалық
Жетісу облысында аудан-қалалардың мәдениет күндері аяқталды