Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Қазақстанның жаңа әмбебап энциклопедиясын шығару қажет. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген жеке сұхбатында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының бас директоры, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының корреспонденция мүшесі, фғд, профессор Бауыржан Жақып мәлім етті.
«Болашақта біздің ұсынысымыз – Қазақстанның ұлттық әмбебап энциклопедиясын қайтадан қолға алып шығаруды бастау. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай. Өйткені алғашқы осындай энциклопедия жарық көрген 1997 жылдан бері 15-16 жыл өтіп кетті. Ол уақыттан бері біздің елімізде болып жатқан көптеген өзгерістер бар. Сондықтан біздің әмбебап энциклопедиямызды жаңарту жұмысын да осы «Халық тарих толқынында» деген мемлекет бағдарламаның аясында қолға алсақ, үлкен іс бітері сөзсіз», - деп қорытты профессор.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға