Әйгілі футболшы өмірден өтті
25.07.2013 04:45
3851
84 жастағы Джалма Сантос 1 шілде күні өкпесіне суық тиіп ауруханаға түскеннен үйіне қайтып оралмады. Атақты аяқдоп шеберінің 1948 жылы басталған спорттағы карьерасы 1971 жылға дейін созылды. Клуб деңгейінде ол "Португезы Деспортос", "Палмейраса" және "Атлетико Паранаэнседе" ойнаған.
Бразилия құрамасының намысын футболшы 1952-1968 жылдары қорғаған еді. Ұлттық командамен бірге Сантос төрт рет әлем чемпионатына қатысып, 1958 жылы Швециядағы әлем біріншілігі мен 1962 жылы Чилидегі жарыста жеңіске жетті. Құрама сапында үш рет Америка Кубогының күміс жүлдегері атанды (1953, 1957, 1959 жылдары).
2004 жылы Пеле Сантосты өткен ғасырдың ең үздік ойыншыларының тізіміне енгізген болатын.
bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға