Жаңалықтар

ТМД-да Жеңістің 70 жылдығын атап өтудің халықаралық комитеті құрылуы ықтимал

ТМД-да Жеңістің 70 жылдығын атап өтудің халықаралық комитеті құрылуы ықтимал. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері елшілер клубының 3-ші отырысында мәлім болды. 2012 жылы құрылған Достастық елдері «елшілер клубының» бейресми отырысында қатысушылар ТМД дамыту мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара пікір алмасты. РФ Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға әзірлік бағытында халықаралық қоғамдық комитетті құруды ұсынып отыр. «Аталмыш комитетті құру мәселесі ұлттық парламент спикерлерінің, халықаралық ғылыми және сарапшылар ортасы өкілдерінің, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің қатысуымен 14 қараша күні Мәскеуде өтетін парламентаралық форумның күн тәртібіне шығарылмақ», - деп мәлімдеді ТМД істері және отандастармен байланыс бойынша дума комитетінің басшысы Леонид Слуцкий. ҚазАқпарат.
25.07.2013 04:26 2919

ТМД-да Жеңістің 70 жылдығын атап өтудің халықаралық комитеті құрылуы ықтимал. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері елшілер клубының 3-ші отырысында мәлім болды.

2012 жылы құрылған Достастық елдері «елшілер клубының» бейресми отырысында қатысушылар ТМД дамыту мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара пікір алмасты.

РФ Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға әзірлік бағытында халықаралық қоғамдық комитетті құруды ұсынып отыр.

«Аталмыш комитетті құру мәселесі ұлттық парламент спикерлерінің, халықаралық ғылыми және сарапшылар ортасы өкілдерінің, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің қатысуымен 14 қараша күні Мәскеуде өтетін парламентаралық форумның күн тәртібіне шығарылмақ», - деп мәлімдеді ТМД істері және отандастармен байланыс бойынша дума комитетінің басшысы Леонид Слуцкий.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға