Жаңалықтар

Обама Кеннедидің қызын Жапониядағы елші қызметіне ұсынды

АҚШ Президенті Барак Обама Кэролайн Кеннедиді Жапониядағы елші қызметіне бекіту мақсатында оның кандидатурасын конгрестің қарауына енгізді. Ақпарат көзіне сілтеме жасаған Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Кэролайн Кеннеди АҚШ-тың Жапониядағы елшісіне үміткер ретінде сәуір айының басынан бері қарастырылып келеді. Егер Кэролайнның кандидатурасы бекітілсе, ол АҚШ-тың Токиодағы алғашқы нәзік жанды елшіге айналмақ.  Кэролайн Джон Кеннеди мен оның әйелі Жаклиннің қызы, тірі қалған жалғыз балалары. ҚазАқпарат.
25.07.2013 04:23 3145

АҚШ Президенті Барак Обама Кэролайн Кеннедиді Жапониядағы елші қызметіне бекіту мақсатында оның кандидатурасын конгрестің қарауына енгізді.

Ақпарат көзіне сілтеме жасаған Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Кэролайн Кеннеди АҚШ-тың Жапониядағы елшісіне үміткер ретінде сәуір айының басынан бері қарастырылып келеді.

Егер Кэролайнның кандидатурасы бекітілсе, ол АҚШ-тың Токиодағы алғашқы нәзік жанды елшіге айналмақ.

 Кэролайн Джон Кеннеди мен оның әйелі Жаклиннің қызы, тірі қалған жалғыз балалары.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға