Грецияда арал сатылымға шығады
Грецияда Эгей теңізіндегі Спалатрониси аралы сатылымға шығарылды. Афиналық басылымдардың хабарлауынша, бәссауда қыркүйек айында басталады. Аралдың бастапқы құны - 10 миллион еуро.
"Адам аяғы баса қоймаған Спалатрониси аралы Халкидики түбегінен 500 метр қашықтықта, туристік аймақта орналасқан. Бәссаудадағы бастапқы бағасы 10 миллион еуродан басталады. Бұл әдіс меншік иесінің табыс салығын төлеуін барынша ашық етеді және қағазбастылықты азайтпақ" дейді «Миро Антик Хаус» компаниясының иесі Ставрос Миронидис.
Жергілікті және шетел инвесторлары бұл хабарламаны естісімен дереу қызығушылық танытып, бәссаудаға қатысатындықтарын мәлімдеп жатыр. Ал, кезінде өзге аралдарды сатып алған өзге ірі кәсіпкерлер дәл осындай әдіспен өз меншіктерін сататындықтарын айтуда. Айта кетейік, сатылып жатқан аралдың көлемі 10,4 гектарды құрайды.
Baq.kz