Жаңалықтар

Киікті қолда өсіріп, көбейтуде...

Әжбай ауылдық округіне қарасты «Мырзалы» қыстағындағы Талғат Мағаз жетекшілік ететін «Игілік ӘЖҚ» шаруа қожалығы киік лақтарын қолда өсіріп отыр деген хабар алдық. Сонымен қатар, бұл шаруашылық балық пен Қалмақиядан әкелінген етті мал тұқымын өсіруге де ден қойған екен. Жуықта осы шаруашылықпен танысудың сәті түсті.  «Мырзалы» қыстағының жері Батыс ақбөкендері мекен еткен «Бесқұлаш» деп аталатын аймаққа жақын орналасқан. Шөбі шүйгін, айнала тоғандары бар. Малға да, аңға да қолайлы өңір. Бізді шаруашылық жетекшісі Талғат Мағаз бен Жәңгір хан атын¬дағы агротехникалық универ¬си-тет¬тің ғылыми қызметкері Жан¬гелді Үсенов қарсы алды. Олар бізді киік лақтары тұрған аула, қораға бастап барды. Арнайы қоршауда тұрған екі айлық дала ер¬келері бізді маңырай қарсы алды. Мөлдіреген қара көзді бей¬кү¬нә төлдер біздерден бір нәр¬се сұрағандай, жұп-жұмсақ тұм¬сық¬тарымен түрткілеп жатыр... Бұл кез жас төлдерді қорек¬тен¬діретін уақыт екен. Арнайы күтуші Рысқаным Даушева әрбіреуіне арнайы ыдыстар арқылы сүт беріп жатты. Киік төлдерін қолда өсіру Ре¬сейдің Қалмақ Республикасынан тәжірибе ретінде алыныпты. Оларда 100 бас киік қолда өсіріліп, 40 төл алынған екен. Бұл қолда өсі¬рілген киіктер 600 гектар жерде арнайы қоршауда бағылуда көрінеді. Ал мына өсіріліп жатқан төл¬дердің жоба жетекшісі – Бибігүл Сәрсенова. Жоба аясында Қор¬шаған ортаны қорғау ми¬нистр¬лігінің арнайы рұқ¬саты¬мен 10 киік лағын өсіруге рұқ¬сат алыныпты. Төлдердің ішінде аталығы да, ана¬лығы да бар. Ені мен ұзындығы 10 метр болатын арнайы қораны салуға 1 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Төлдер үшін барлық жағдай жа¬сал¬ған. Ертең өсіп, жетілген соң 10 гек¬тардай жерге арнайы қоршау жасау жоспарлануда. – Сіздер арнайы келіп қалған соң, жас төлдерді көрсетіп жатырмыз. Жалпы, сырт көзге сұлу жануарларды көрсеткіміз келмейді. Оның үстіне журналист ағайындар «шулатып» жүреді ғой. Ертең бәрі естіп, ағылатындар көбейе ме, – деп те қауіптенеміз, – деді Жангелді күліп. Киік лақтарының жағдайымен танысып бола берген кезде Талғаттың әкесі Радик те келді. Осы шаруашылықтың ақылшысы, әрі үлкені Радик шаруаны жүргізудің білгірі екені алғашқы әңгімесінен-ақ бірден байқалды. – Осы жерге келіп, шаруаны бастағанымызға екі жыл болды. Қазіргі күнде шаруашылықта 350 бас еділбай қойы, 120 бас Кө¬шім тұқымды жылқы бар. Соны¬мен қатар, Қалмақ елінің асыл тұқымды мал зауытынан 85 қашар мен 6 аталық малын сатып алдық. Қалмақ елінен әкелінген ірі қара малы етті тұқымға жатады. Ресейде бұл малдың еті алдыңғы орында және «мраморное мясо» деген атауға ие екен. Сонымен қатар, бұл малдар қыста 40 градус аязға, жазда 40 градус ыстыққа шыдамды көрінеді. Өздеріңіз көріп тұрған қашарлардың қазіргі тірілей салмағы 200-250 кило болса, аталығы 300-350 килоға дейін тартады. Алла қаласа, алдағы жылдың ақпан айынан бастап, алғашқы төлдерін бере бастайды, – деді бізбен әңгімесінде ол. Қазіргі күнде бұл шаруашылық агроуниверситеттің қолдауымен Алматыдағы Қалмақ тұқымды етті мал тұқымымен айналысатын арнайы орыннан, осы тұқымды өсіруге сертификат алыпты. Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл жұмыспен айналысып отырған тұңғыш шаруашылық есебінде екен. – Сәтін салса, шаруашылықты әрі қарай дамытуға қолдау болады деген үміттеміз. Сондай-ақ 2011 жылы қасымыздағы «Қалабай» тоғанына тұқы тұқымды балығын өсіруді де қолға алған едік. Себебі, осы шаруашылықтың жетекшісі балам Талғат – балық саласының маманы. Сол балықтар қазір өсіп-жетіліп, көбейді. Кейбіреулері 7-10 кило тартады. Бірақ осы балық¬тарды заңсыз аулаушылар көбейіп тұр. Сонымен қатар, мына өздерің көріп отырған қыстаудың қасынан бақ жасау да жоспарда тұр. Бұның алғашқы нұсқалары даярлануда. Осындай іргелі жұмыстарға қолдау көрсетіп отырған Жәңгір хан атын¬дағы агроуниверситет ұжымына, оның ректоры Қазыбай Базымовқа ризашылығымыз шексіз, – деді Радик. Қазір мұнда екі отбасы жұмыс жасауда. Науқандық жұмыстарға қосымша адамдар тартылады екен. – Киік жануарын қолда өсіру се¬кілді тың дүние мен мал тұқымын асылдандыру секілді мәселелер Елбасымыздың саясатымен үн¬дес¬тік табады ғой деген ойдамыз. «Еңбек етемін дегенге – есік ашық» дегенді осылай түсінемін, – деп аяқтады Радик өз әңгімесін. Біз қоштасып тұрып, дала ер¬келері тұрған аулаға қарадық. Құлағымызға лақтардың маңы¬ра¬ған дауысы естілгендей болды... Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ. Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы. Егемен Қазақстан  
25.07.2013 03:45 3204

Әжбай ауылдық округіне қарасты «Мырзалы» қыстағындағы Талғат Мағаз жетекшілік ететін «Игілік ӘЖҚ» шаруа қожалығы киік лақтарын қолда өсіріп отыр деген хабар алдық. Сонымен қатар, бұл шаруашылық балық пен Қалмақиядан әкелінген етті мал тұқымын өсіруге де ден қойған екен. Жуықта осы шаруашылықпен танысудың сәті түсті. 

«Мырзалы» қыстағының жері Батыс ақбөкендері мекен еткен «Бесқұлаш» деп аталатын аймаққа жақын орналасқан. Шөбі шүйгін, айнала тоғандары бар. Малға да, аңға да қолайлы өңір.
Бізді шаруашылық жетекшісі Талғат Мағаз бен Жәңгір хан атын¬дағы агротехникалық универ¬си-тет¬тің ғылыми қызметкері Жан¬гелді Үсенов қарсы алды.
Олар бізді киік лақтары тұрған аула, қораға бастап барды. Арнайы қоршауда тұрған екі айлық дала ер¬келері бізді маңырай қарсы алды. Мөлдіреген қара көзді бей¬кү¬нә төлдер біздерден бір нәр¬се сұрағандай, жұп-жұмсақ тұм¬сық¬тарымен түрткілеп жатыр...
Бұл кез жас төлдерді қорек¬тен¬діретін уақыт екен. Арнайы күтуші Рысқаным Даушева әрбіреуіне арнайы ыдыстар арқылы сүт беріп жатты.
Киік төлдерін қолда өсіру Ре¬сейдің Қалмақ Республикасынан тәжірибе ретінде алыныпты. Оларда 100 бас киік қолда өсіріліп, 40 төл алынған екен. Бұл қолда өсі¬рілген киіктер 600 гектар жерде арнайы қоршауда бағылуда көрінеді.
Ал мына өсіріліп жатқан төл¬дердің жоба жетекшісі – Бибігүл Сәрсенова. Жоба аясында Қор¬шаған ортаны қорғау ми¬нистр¬лігінің арнайы рұқ¬саты¬мен 10 киік лағын өсіруге рұқ¬сат алыныпты. Төлдердің ішінде аталығы да, ана¬лығы да бар.
Ені мен ұзындығы 10 метр болатын арнайы қораны салуға 1 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Төлдер үшін барлық жағдай жа¬сал¬ған. Ертең өсіп, жетілген соң 10 гек¬тардай жерге арнайы қоршау жасау жоспарлануда.
– Сіздер арнайы келіп қалған соң, жас төлдерді көрсетіп жатырмыз. Жалпы, сырт көзге сұлу жануарларды көрсеткіміз келмейді. Оның үстіне журналист ағайындар «шулатып» жүреді ғой. Ертең бәрі естіп, ағылатындар көбейе ме, – деп те қауіптенеміз, – деді Жангелді күліп.
Киік лақтарының жағдайымен танысып бола берген кезде Талғаттың әкесі Радик те келді. Осы шаруашылықтың ақылшысы, әрі үлкені Радик шаруаны жүргізудің білгірі екені алғашқы әңгімесінен-ақ бірден байқалды.
– Осы жерге келіп, шаруаны бастағанымызға екі жыл болды. Қазіргі күнде шаруашылықта 350 бас еділбай қойы, 120 бас Кө¬шім тұқымды жылқы бар. Соны¬мен қатар, Қалмақ елінің асыл тұқымды мал зауытынан 85 қашар мен 6 аталық малын сатып алдық. Қалмақ елінен әкелінген ірі қара малы етті тұқымға жатады. Ресейде бұл малдың еті алдыңғы орында және «мраморное мясо» деген атауға ие екен. Сонымен қатар, бұл малдар қыста 40 градус аязға, жазда 40 градус ыстыққа шыдамды көрінеді. Өздеріңіз көріп тұрған қашарлардың қазіргі тірілей салмағы 200-250 кило болса, аталығы 300-350 килоға дейін тартады. Алла қаласа, алдағы жылдың ақпан айынан бастап, алғашқы төлдерін бере бастайды, – деді бізбен әңгімесінде ол.
Қазіргі күнде бұл шаруашылық агроуниверситеттің қолдауымен Алматыдағы Қалмақ тұқымды етті мал тұқымымен айналысатын арнайы орыннан, осы тұқымды өсіруге сертификат алыпты. Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл жұмыспен айналысып отырған тұңғыш шаруашылық есебінде екен.
– Сәтін салса, шаруашылықты әрі қарай дамытуға қолдау болады деген үміттеміз. Сондай-ақ 2011 жылы қасымыздағы «Қалабай» тоғанына тұқы тұқымды балығын өсіруді де қолға алған едік. Себебі, осы шаруашылықтың жетекшісі балам Талғат – балық саласының маманы. Сол балықтар қазір өсіп-жетіліп, көбейді. Кейбіреулері 7-10 кило тартады. Бірақ осы балық¬тарды заңсыз аулаушылар көбейіп тұр. Сонымен қатар, мына өздерің көріп отырған қыстаудың қасынан бақ жасау да жоспарда тұр. Бұның алғашқы нұсқалары даярлануда. Осындай іргелі жұмыстарға қолдау көрсетіп отырған Жәңгір хан атын¬дағы агроуниверситет ұжымына, оның ректоры Қазыбай Базымовқа ризашылығымыз шексіз, – деді Радик.
Қазір мұнда екі отбасы жұмыс жасауда. Науқандық жұмыстарға қосымша адамдар тартылады екен.
– Киік жануарын қолда өсіру се¬кілді тың дүние мен мал тұқымын асылдандыру секілді мәселелер Елбасымыздың саясатымен үн¬дес¬тік табады ғой деген ойдамыз. «Еңбек етемін дегенге – есік ашық» дегенді осылай түсінемін, – деп аяқтады Радик өз әңгімесін.
Біз қоштасып тұрып, дала ер¬келері тұрған аулаға қарадық. Құлағымызға лақтардың маңы¬ра¬ған дауысы естілгендей болды...


Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.
Егемен Қазақстан

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға