«Шахтер» – БАТЭ ойынынан 3 млн. теңге қаржы жиналды
Еуропа лигасының «Шахтер» – БАТЭ арасында өткен ойынға сатылған билеттен 3 млн. теңге қаржы түсті. Ойынға жалпы саны 14 700 билет сатылған.
Ойынды тамашалауға ұзын-ырғасы 18 800 адам жиналды. Спорт ардагерлері, ДЮСШ тәрбиеленушілері және жеңілдікке ие топтағы азаматтар, жалпы саны 3 мыңға тарта адам билетсіз кірді.
«Бұдан бұрын жанкүйерлерді ең көп жинаған ойын, бір жыл бұрынғы Чемпиондар лигасы матчы. Либерецтің Слованы мен «Шахтер» арасында өткен кездесуді тамашалауға шамамен 16 мың көрермен жиналды», - дейді «Шахтер» стадионы директорының орынбасары Айгүл Дементьева.
Кешегі өткен ойынға билеттер 200 теңгеден сатылып, стадион бюджетін қыруар қаражатқа кенелтті. Ал албанның «Скендербеу» клубына қарсы ойын Астанадағы «Астана Аренада» өтетіндіктен, «Шахтер» стадионы кешегідей қисапсыз жанкүйерді қашан жинайтыны әзірге белгісіз.
Естеріңізге саламыз, «Шахтер» беларустық БАТЭ-ні екі кездесуде 2:0 есебімен жеңген болатын. Голды салған ойыншылар Сергей Хижниченко мен Игорь Зенькович.
Baq.kz