Жаңалықтар

Бизнесмендер Алматы хайуанаттар бағын қайта жаңғыртпақ

ҚазАқпарат - Қалалық мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағы жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын мақұлдады. Оған - Райымбек Баталов, Серік Аханов, Асқар Байтасов, Елена Кукеле, Қуаныш Даутов, Сергей Скляренко мен Рамиль Мухоряпов еніп отыр. Кеңестің басты мақсаты - Алматы хайуанаттар бағын күллі қазақстандықтардың сүйікті демалыс орнына айналдыру. «Бұл Қоғамдық кеңестің құрылуы - қазақстандықтардың мәдени өмірін дамытудың жаңа кезеңі болмақ. Біз хайуанаттар бағының жұмысын жақсартуға көмектесу үшін өз салаларымыздағы үздік мамандарды шақырдық. Қазіргі таңда қалалық жобаның көптеген өлшемдерге сай келмейтінін түсіне отырып, біз Алматы хайуанаттар бағының барлық демалушылар үшін көрікті, тартымды, таза орынға айналғанын қалаймыз. Қала қонақтары тек Медеу мен Шымбұлаққа ғана барып қоймай, хайуанаттар бағына да келуі үшін», - дейді Мәдениет басқармасының бастығы Қайрат Құлбаев. Қазіргі таңда Алматы хайуанаттар бағын жыл сайын 500 мың адам тамашалауда. Қоғамдық кеңес оның дамуы, келушілер санының ұлғаюы үшін донорлық және демеушілік қаржы тарту құқын иеленіп отыр.  Алматы хайуанаттар бағының директоры Әуезхан Әбдірахимовтың айтуынша, ол 80 жылдың ішінде 200-ге жуық жануарлары бар бақтан әлемдегі ірі хайуанаттар бағының біріне айналды. 21 гектарға жуық аумақты алып жатқан Алматы хайуанаттар бағында бүгінгі таңда 152 торда аңдардың 341 түрі өсіп-өнуде. Оның 31-і - Қызыл кітапқа кіргендер. ҚазАқпарат.
24.07.2013 08:43 3367

ҚазАқпарат - Қалалық мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағы жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын мақұлдады.

Оған - Райымбек Баталов, Серік Аханов, Асқар Байтасов, Елена Кукеле, Қуаныш Даутов, Сергей Скляренко мен Рамиль Мухоряпов еніп отыр. Кеңестің басты мақсаты - Алматы хайуанаттар бағын күллі қазақстандықтардың сүйікті демалыс орнына айналдыру.

«Бұл Қоғамдық кеңестің құрылуы - қазақстандықтардың мәдени өмірін дамытудың жаңа кезеңі болмақ. Біз хайуанаттар бағының жұмысын жақсартуға көмектесу үшін өз салаларымыздағы үздік мамандарды шақырдық. Қазіргі таңда қалалық жобаның көптеген өлшемдерге сай келмейтінін түсіне отырып, біз Алматы хайуанаттар бағының барлық демалушылар үшін көрікті, тартымды, таза орынға айналғанын қалаймыз. Қала қонақтары тек Медеу мен Шымбұлаққа ғана барып қоймай, хайуанаттар бағына да келуі үшін», - дейді Мәдениет басқармасының бастығы Қайрат Құлбаев. Қазіргі таңда Алматы хайуанаттар бағын жыл сайын 500 мың адам тамашалауда. Қоғамдық кеңес оның дамуы, келушілер санының ұлғаюы үшін донорлық және демеушілік қаржы тарту құқын иеленіп отыр. 

Алматы хайуанаттар бағының директоры Әуезхан Әбдірахимовтың айтуынша, ол 80 жылдың ішінде 200-ге жуық жануарлары бар бақтан әлемдегі ірі хайуанаттар бағының біріне айналды. 21 гектарға жуық аумақты алып жатқан Алматы хайуанаттар бағында бүгінгі таңда 152 торда аңдардың 341 түрі өсіп-өнуде. Оның 31-і - Қызыл кітапқа кіргендер.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға