Жаңалықтар

Мәдениет дегеніміздің өзі белгілі бір халықтың дүниені қабылдау ұғымынан туындайтын өзгеше бір әлем

– Демек мәдениет дегеніміздің өзі белгілі бір халықтың дүниені қабылдау ұғымынан туындайтын өзгеше бір әлем дегенге саяды ғой… – Солай десе де болады. Басқаша айтсақ ол – ұлттың тарих аясындағы өзінің ұлттық болмысын саралап көрсететін қасиеттері. Ол қасиеттер сан салалы. Ол экономикадан бастап, ғылымға дейін, юриспруденциядан бастап, мораль, этикаға дейін, күнделікті тұтынатын заттан бастап, піскен тамаққа дейін, қабылдаған қонақтан бастап, сөйлесетін дұшпаныңа дейін ұлттың этникалық, моральдық-этикалық дүниетанымы нормаларынан, өмір салтының басқа да қырларынан көрініс табады. Осының бәрі мәдениет. Демек, өте мәдениетті дейтін ағылшын ба, үнді халқы ма, біз оларға солай екен деп еліктесек-ақ бітті, онда өз мәдениетімізді өлтіреміз. Сондықтан біз неғұрлым олардың мәдениетін сыйлай отырып, олардың мәдениетінің тарихи астарын сол ағылшыннан, қытайдан, үндіден терең біле отырып, өзіміздің дәстүрлі мәдениетімізді, ерекшелігімізді сақтап қалсақ, сонда ғана әлгі ұлттар бізді сыйлайтын мәдениеті бар ел қатарына қосыламыз. Өкінішке қарай, арғы ғасырларды айтпай-ақ қояйықшы, адамзат баласының нұрлы таңы деп атаған кешегі Қазан революциясынан кейінгі кезеңнің өзінде қазақ халқы қандай жарымжан ғылыми-тарихи түсініктерге малданып келді десеңізші. Біз неғұрлым интернационал болсақ, неғұрлым өзгеге еліктесек (еліктеу барлық салада: экономикадан бастап, заңға дейін, мораль, этикадан бастап, тұрмыс-салтқа дейін, тіпті шаруашылық өмір салтымыздан бастап, тұтынатын зат, мүліктерімізге дейін), соны мәдениетке балап келдік. Немесе мына бір мәселені алып қарайық. Мәдениеттің өзі материалдық және рухани деп бөлінеді ғой, соның рухани жағын айтайын. Қай артисіміз, қай әншіміз Еуропаның әнін мінсіз айтса, соған атақ, абыройды аямай бердік. Соны мәдениетіміздің шыңы деп бағаладық. Ол Еуропаның әнін айта алады деп мақтандық. Біздің қадірменді әншілеріміздің көңіліне келмесін, ол Еуропаның әнін мың жерден жақсы айтсын, бірақ бұл түпнұсқаның көшірмесі ғана. Яғни Италияның операсындағы арияны маңдай алды әншіміз қаншалықты нәшіне келтіріп орындаса да соның қайталаушысы болып қана қалады, суррогат болып қалады. Міне мәдениеттің төл тумалылығы жөнінде көктей шолып айтқанда осындай ойлар еске түседі. – Сонда қазақ халқының өзіне тән дәстүрлі мәдениетінің бастау алар көзі қайсы? Билік тарапынан жасалған неше түрлі аярлықтар мен зұлымдықтарды бастан кешсе де халқымыздың халықтық қалпын бұзбай бүгінгі күнге дейін жетуіне өлшеусіз үлес қосқан төл мәдениетіміз жөнінде де көпшілікті құлағдар ете кетсеңіз. – Біріншіден, біздің ұлттық мәдениетіміздің сараланып, көрші елдерге ұқсамай, тарих сахнасында өзінің дара тұлғасын анықтауы қазақ халқының жеке хандық құру кезеңінен басталады. Одан арғы кезеңдерге үңілсек, мәдениет дегеннің бүкіл түркі халқына ортақ типтік-типологиялық қасиеттерін көреміз. Тіл ортақ, дәстүр ортақ, тіптен мемлекеттік саяси бірлік ортақ. Мәдениет әлі дараланып бітпеген. Қазақ хандығы қалай оқшау құрылды, қазақ халқы өзінің тарих аренасындағы тағдыр талайын қалай даралап алды, міне солай оның мәдениеті, ұлттық психологиясы, өмір салты, моральдық-этикалық нормалары, тіптен заңы іргеміздегі өзбектен, қырғыздан, қарақалпақтан, түрікменнен дараланып шыға келді. Қазақ халқының мәдениетінің шын қалыптасып, шын орнығып, өзінің қайта өрлеу дәуірін бастан кешуі ХІХ ғасырдың жуан ортасымен тұспа-тұс келеді. Еске түсіріп көрейік: ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары мен 60-шы жылдары аралығында біздің халқымызды халық еткен ұлы тұлғалар дүниеге келді. Ғылымнан Шоқан мен Ыбырай, әннен Біржан, Ақан, Мұхит, күйден Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Қазанғап, Ықылас. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың жуан ортасында қазақтың қол өнері, оның шыңы киіз үй болса, патшаның таққа отыру тойларына сыйға тартылып, Еуропа музейлерінің төрінен орын ала бастады. Қол өнерінің басқа да ұсақ түрлері, сонау скиф, сақ заманындағы жануарлық стильдері қайта тіріліп, керемет ою-өрнек үлгілері жанданды. ХІХ ғасырдың орта шенінде бүкіл Сарыарқаның сары белдері мен Үстірттің құба жондарында пайда болған балбал, сынтастар күні бүгінге дейін жұртшылықты таң қалдырумен келеді. Зираттық архитектура қайтадан өркендеді. Дәл сол кезеңнің арғы-бергі тұсындағы Сырым батырдан бастап Исатай, Махамбет, Кенесары-Наурызбай көтерілісіне дейінгі халық рухының дүр етіп көтеріліп, азаттық үшін жан алып, жан беруі – мұның барлығы тағы да мәдениеттің аясына сияды. Өкінішке қарай, мұнан кейінгі кезеңде біздің мәдениет туралы ұғымымыз жарымжан күйге түсті де, кімнің үйінде хрусталь ваза болса, кімнің баласы жоғары оқу орнын бітірсе, кім шатырлы үйде тұрса, кім тұсына кілем тұтса, соны мәдениеттілік деп есептеді. Классикалық ұғыммен келсек, мұның барлығы мәдениетсіздік. Өйткені тұсымызға тұтқан кілем де біздікі емес, тамақ ішіп отырған үстел де біздікі емес, тамақ құйып отырған ыдыс та біздікі емес, теледидардан көріп отырған опера мен балет те біздікі емес.
24.07.2013 05:03 3393

– Демек мәдениет дегеніміздің өзі белгілі бір халықтың дүниені қабылдау ұғымынан туындайтын өзгеше бір әлем дегенге саяды ғой…

– Солай десе де болады. Басқаша айтсақ ол – ұлттың тарих аясындағы өзінің ұлттық болмысын саралап көрсететін қасиеттері. Ол қасиеттер сан салалы. Ол экономикадан бастап, ғылымға дейін, юриспруденциядан бастап, мораль, этикаға дейін, күнделікті тұтынатын заттан бастап, піскен тамаққа дейін, қабылдаған қонақтан бастап, сөйлесетін дұшпаныңа дейін ұлттың этникалық, моральдық-этикалық дүниетанымы нормаларынан, өмір салтының басқа да қырларынан көрініс табады.

Осының бәрі мәдениет. Демек, өте мәдениетті дейтін ағылшын ба, үнді халқы ма, біз оларға солай екен деп еліктесек-ақ бітті, онда өз мәдениетімізді өлтіреміз. Сондықтан біз неғұрлым олардың мәдениетін сыйлай отырып, олардың мәдениетінің тарихи астарын сол ағылшыннан, қытайдан, үндіден терең біле отырып, өзіміздің дәстүрлі мәдениетімізді, ерекшелігімізді сақтап қалсақ, сонда ғана әлгі ұлттар бізді сыйлайтын мәдениеті бар ел қатарына қосыламыз.

Өкінішке қарай, арғы ғасырларды айтпай-ақ қояйықшы, адамзат баласының нұрлы таңы деп атаған кешегі Қазан революциясынан кейінгі кезеңнің өзінде қазақ халқы қандай жарымжан ғылыми-тарихи түсініктерге малданып келді десеңізші. Біз неғұрлым интернационал болсақ, неғұрлым өзгеге еліктесек (еліктеу барлық салада: экономикадан бастап, заңға дейін, мораль, этикадан бастап, тұрмыс-салтқа дейін, тіпті шаруашылық өмір салтымыздан бастап, тұтынатын зат, мүліктерімізге дейін), соны мәдениетке балап келдік.

Немесе мына бір мәселені алып қарайық. Мәдениеттің өзі материалдық және рухани деп бөлінеді ғой, соның рухани жағын айтайын. Қай артисіміз, қай әншіміз Еуропаның әнін мінсіз айтса, соған атақ, абыройды аямай бердік. Соны мәдениетіміздің шыңы деп бағаладық. Ол Еуропаның әнін айта алады деп мақтандық. Біздің қадірменді әншілеріміздің көңіліне келмесін, ол Еуропаның әнін мың жерден жақсы айтсын, бірақ бұл түпнұсқаның көшірмесі ғана. Яғни Италияның операсындағы арияны маңдай алды әншіміз қаншалықты нәшіне келтіріп орындаса да соның қайталаушысы болып қана қалады, суррогат болып қалады. Міне мәдениеттің төл тумалылығы жөнінде көктей шолып айтқанда осындай ойлар еске түседі.

– Сонда қазақ халқының өзіне тән дәстүрлі мәдениетінің бастау алар көзі қайсы? Билік тарапынан жасалған неше түрлі аярлықтар мен зұлымдықтарды бастан кешсе де халқымыздың халықтық қалпын бұзбай бүгінгі күнге дейін жетуіне өлшеусіз үлес қосқан төл мәдениетіміз жөнінде де көпшілікті құлағдар ете кетсеңіз.

– Біріншіден, біздің ұлттық мәдениетіміздің сараланып, көрші елдерге ұқсамай, тарих сахнасында өзінің дара тұлғасын анықтауы қазақ халқының жеке хандық құру кезеңінен басталады. Одан арғы кезеңдерге үңілсек, мәдениет дегеннің бүкіл түркі халқына ортақ типтік-типологиялық қасиеттерін көреміз. Тіл ортақ, дәстүр ортақ, тіптен мемлекеттік саяси бірлік ортақ. Мәдениет әлі дараланып бітпеген. Қазақ хандығы қалай оқшау құрылды, қазақ халқы өзінің тарих аренасындағы тағдыр талайын қалай даралап алды, міне солай оның мәдениеті, ұлттық психологиясы, өмір салты, моральдық-этикалық нормалары, тіптен заңы іргеміздегі өзбектен, қырғыздан, қарақалпақтан, түрікменнен дараланып шыға келді.

Қазақ халқының мәдениетінің шын қалыптасып, шын орнығып, өзінің қайта өрлеу дәуірін бастан кешуі ХІХ ғасырдың жуан ортасымен тұспа-тұс келеді. Еске түсіріп көрейік: ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары мен 60-шы жылдары аралығында біздің халқымызды халық еткен ұлы тұлғалар дүниеге келді. Ғылымнан Шоқан мен Ыбырай, әннен Біржан, Ақан, Мұхит, күйден Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Қазанғап, Ықылас. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың жуан ортасында қазақтың қол өнері, оның шыңы киіз үй болса, патшаның таққа отыру тойларына сыйға тартылып, Еуропа музейлерінің төрінен орын ала бастады. Қол өнерінің басқа да ұсақ түрлері, сонау скиф, сақ заманындағы жануарлық стильдері қайта тіріліп, керемет ою-өрнек үлгілері жанданды.

ХІХ ғасырдың орта шенінде бүкіл Сарыарқаның сары белдері мен Үстірттің құба жондарында пайда болған балбал, сынтастар күні бүгінге дейін жұртшылықты таң қалдырумен келеді. Зираттық архитектура қайтадан өркендеді. Дәл сол кезеңнің арғы-бергі тұсындағы Сырым батырдан бастап Исатай, Махамбет, Кенесары-Наурызбай көтерілісіне дейінгі халық рухының дүр етіп көтеріліп, азаттық үшін жан алып, жан беруі – мұның барлығы тағы да мәдениеттің аясына сияды.

Өкінішке қарай, мұнан кейінгі кезеңде біздің мәдениет туралы ұғымымыз жарымжан күйге түсті де, кімнің үйінде хрусталь ваза болса, кімнің баласы жоғары оқу орнын бітірсе, кім шатырлы үйде тұрса, кім тұсына кілем тұтса, соны мәдениеттілік деп есептеді. Классикалық ұғыммен келсек, мұның барлығы мәдениетсіздік. Өйткені тұсымызға тұтқан кілем де біздікі емес, тамақ ішіп отырған үстел де біздікі емес, тамақ құйып отырған ыдыс та біздікі емес, теледидардан көріп отырған опера мен балет те біздікі емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға