Жаңалықтар

«Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы»

«Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы», деп ақын жырлағандай, өзінің сан ғасырлық тарихында қазақ халқы қайталанбас мәдениет үлгілерін жасағанын соңғы жылдары ғана там-тұмдап айта бастадық. Ал оның алдында өзімізді өзіміз үнемі кемсіте берудің әсерінен болар, қазақпын деп айтуға қорсынатын тұтастай бір ұрпақ өсіп жетілді. Сөйтіп, қазақ халқының мәдениеті Кеңес үкіметінің кезінде ғана қалыптасып, өркен жайған деген жалған ұғым белең алып, сол рухта тәрбиеленген ұрпақ барған сайын таразы басын басып келе жатты. Бірақ шындық бұл емес екен. Нағыз ақиқатқа жұрттың көзі енді-енді жете бастады. Тілшіміздің жазушы АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВПЕН жасаған сұхбаты да осы мәселе төңрегінде өрбиді. Енді назарларыңызға осы сұхбатты ұсынамыз. – Қадірлі Ақселеу Сланұлы, әңгімені ең алдымен, жалпы, мәдениет дегеніміз не, оның қайнар көздері қайда деген сауалға жауап іздеуден бастасақ… – Мәдениет, мәдениеттілік, оның қайнар көздері жөнінде, бәлкім, жоғары оқу орнының студенттеріне бір семестр лекция оқығанның өзінде бұл мәселенің анық-қанығын түгел айтып тауыса алмауымыз мүмкін. «Мәдениет деген не?» дегенде мына бір жайттар еске түседі. Осы соңғы бір-бір жарым, әрі кетсе екі ғасырдың аясында қазақ халқына бұл ұғымның не екенін, оның өзіндік қандай тарихи мәнінің барын үнемі басқаша түсіндірдік, басқаша жолға итермелеп, басқаша мәдени үлгілерді ұсынумен келдік. Сондықтан халықтың шынайы мәдениеттің не екенін білмей қалуы, өтірік мәдениетке еліктеуі, не болмаса өзінің дәстүріне, өмір салтына сай келмейтін мәдениетке бой ұруы, сөйтіп, өзіндік мәдени бағыт-бағдарынан айрылып қалуы заңды. Егер қысқаша бір сөзбен айтар болсақ, мәдениет дегеніміз экологиялық жүйемен, өмір салтпен етене өмір сүру тәсілі. Мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Мәдениеті жоқ ұлт не өледі, не басқа ұлтқа жұтылады. Міне, өзіміз сөз етпек болып отырған тақырыптың не екенін осыдан бағамдауға болады. Бұдан он шақты жыл бұрын ЮНЕСКО-ның мәдениет зерттеушілері, сондағы ірі ғалымдары дүниежүзінің осы саламен айналысатын ғалымдарына бір ғана сұрақ қойып анкета таратты. Ол «Мәдениет дегеніміз не?» деген сауал еді. Содан менің есімде үш жауап қалыпты. Мәдениет дегеніміз, дейді жапонның ірі мәдениет зерттеуші ғалымы, жапон халқы үшін шай беру рәсімі, иә болмаса үйдің ішін гүлмен безендіру рәсімі, икэбану деп аталады. Осы аталғандар олар үшін ең айтулы мәдениет болып табылады екен. Поляк зерттеушісі айтады, поляк халқы үшін мәдениет дегеніміз тәтті тоқаш пісіру дейді, ұлттық тағамның шыңы сонымен көрінеді. Оны дастарқанға қоюдың неше түрлі рәсімі бар. Енді мына кереметті қараңыз, Танзанияның өте жоғары білімді, дүние жүзіне белгілі мәдениет зерттеуші ғалымы: Танзания халқы үшін мәдениет дегеніміз өте әдемі татуировка жасау (денесіне инемен сурет салу) дейді. Осыдан көп нәрсені аңғаруға болады. Біз үшін, біздің санамызға орныққан талғам үшін денесіне сурет салу нағыз жабайылықтың белгісі, ал Танзания халқы үшін ол мәдениеттің шыңы.
24.07.2013 05:01 6581

«Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы», деп ақын жырлағандай, өзінің сан ғасырлық тарихында қазақ халқы қайталанбас мәдениет үлгілерін жасағанын соңғы жылдары ғана там-тұмдап айта бастадық. Ал оның алдында өзімізді өзіміз үнемі кемсіте берудің әсерінен болар, қазақпын деп айтуға қорсынатын тұтастай бір ұрпақ өсіп жетілді. Сөйтіп, қазақ халқының мәдениеті Кеңес үкіметінің кезінде ғана қалыптасып, өркен жайған деген жалған ұғым белең алып, сол рухта тәрбиеленген ұрпақ барған сайын таразы басын басып келе жатты. Бірақ шындық бұл емес екен. Нағыз ақиқатқа жұрттың көзі енді-енді жете бастады. Тілшіміздің жазушы АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВПЕН жасаған сұхбаты да осы мәселе төңрегінде өрбиді. Енді назарларыңызға осы сұхбатты ұсынамыз.

– Қадірлі Ақселеу Сланұлы, әңгімені ең алдымен, жалпы, мәдениет дегеніміз не, оның қайнар көздері қайда деген сауалға жауап іздеуден бастасақ…

– Мәдениет, мәдениеттілік, оның қайнар көздері жөнінде, бәлкім, жоғары оқу орнының студенттеріне бір семестр лекция оқығанның өзінде бұл мәселенің анық-қанығын түгел айтып тауыса алмауымыз мүмкін. «Мәдениет деген не?» дегенде мына бір жайттар еске түседі. Осы соңғы бір-бір жарым, әрі кетсе екі ғасырдың аясында қазақ халқына бұл ұғымның не екенін, оның өзіндік қандай тарихи мәнінің барын үнемі басқаша түсіндірдік, басқаша жолға итермелеп, басқаша мәдени үлгілерді ұсынумен келдік. Сондықтан халықтың шынайы мәдениеттің не екенін білмей қалуы, өтірік мәдениетке еліктеуі, не болмаса өзінің дәстүріне, өмір салтына сай келмейтін мәдениетке бой ұруы, сөйтіп, өзіндік мәдени бағыт-бағдарынан айрылып қалуы заңды.

Егер қысқаша бір сөзбен айтар болсақ, мәдениет дегеніміз экологиялық жүйемен, өмір салтпен етене өмір сүру тәсілі. Мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Мәдениеті жоқ ұлт не өледі, не басқа ұлтқа жұтылады. Міне, өзіміз сөз етпек болып отырған тақырыптың не екенін осыдан бағамдауға болады.

Бұдан он шақты жыл бұрын ЮНЕСКО-ның мәдениет зерттеушілері, сондағы ірі ғалымдары дүниежүзінің осы саламен айналысатын ғалымдарына бір ғана сұрақ қойып анкета таратты. Ол «Мәдениет дегеніміз не?» деген сауал еді. Содан менің есімде үш жауап қалыпты. Мәдениет дегеніміз, дейді жапонның ірі мәдениет зерттеуші ғалымы, жапон халқы үшін шай беру рәсімі, иә болмаса үйдің ішін гүлмен безендіру рәсімі, икэбану деп аталады. Осы аталғандар олар үшін ең айтулы мәдениет болып табылады екен. Поляк зерттеушісі айтады, поляк халқы үшін мәдениет дегеніміз тәтті тоқаш пісіру дейді, ұлттық тағамның шыңы сонымен көрінеді. Оны дастарқанға қоюдың неше түрлі рәсімі бар. Енді мына кереметті қараңыз, Танзанияның өте жоғары білімді, дүние жүзіне белгілі мәдениет зерттеуші ғалымы: Танзания халқы үшін мәдениет дегеніміз өте әдемі татуировка жасау (денесіне инемен сурет салу) дейді. Осыдан көп нәрсені аңғаруға болады. Біз үшін, біздің санамызға орныққан талғам үшін денесіне сурет салу нағыз жабайылықтың белгісі, ал Танзания халқы үшін ол мәдениеттің шыңы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға