Жаңалықтар

Демек, реттелетін рыноктық экономика жағдайында ресурстарға бай республикамыз кедейліктің құрсауынан

- Елімізде қайта құрудың жыл өткен сайын қарқын алып келе жатқанына қарамастан, біздің республикамыз ведомстволық шырмаудан әлі де толық арыла алмай отыр. Өндіріс көлемінің тең жартысына жуығын одақтық министрліктердің кәсіпорындары береді. Осындай жағдайда реттелетін рыноктық экономика республиканың орталықпен қатынасына өзгерістер енгізе ала ма? – Бұл үшін ең алдымен республиканың жерге, суға, қазба байлықтарға иелігі туралы мәселені шешіп алу керек екенін жоғарыда айттым. Ал әзірге Қазақстандағы меншік туралы Заң жобасының Одақтағы осындай Заңнан айырмашылығы бар. Одақтық Заңға сәйкес, егер базалық салалар орталықтың қарауында қалса, Қазақстанның халық шаруашылығын қайта құру жөніндегі әңгіменің бәрі бос сөз боп шығады. Ал біз Одақтың меншігіне тек қорғаныс кешені кәсіпорындары, темір жол, теңіз, әуе және құбыр транспортының жүйесі, ақпарат және байланыс, ғарыштық жүйе ғана кіруге тиіс деп есептейміз. Және бұл тұжырым Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі мақұлдаған республиканың өзін-өзі басқару Тұжырымдамасында көзделген. Бұл қарама-қайшылықты реттеуге жаңа Одақтық шарт өзінің игі ықпалын тигізер деп күтуліміз. Өйткені Одақтық шарт жаңа Конституция үшін негізге айналуға тиіс. Ал ол – мемлекеттің ешқандай декларациялар ауыстыра алмайтын негізгі Заңы. Жалпы алғанда экономикалық егемендікке қол жеткізуге бағытталған біздің табанды жұмысымызға рыноктық қатынас өзінің ықпалын тигізер деп үміттенеміз. Өйткені реттелетін рынок жоғарыдан басқаруға төзбейді. Оның бүкіл табиғаты қатар байланыстарға негізделген. Демек, реттелетін рыноктық экономика жағдайында ресурстарға бай республикамыз кедейліктің құрсауынан шығады деген дәмеміз зор. – Реттелетін рыноктық экономика күшіне енген жағдайда ол шаруашылық қызметтің басты реттеушісіне айналатыны анық. Ал бізде өзін-өзі реттеудің бүкіл механизімін тежейтін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі әзірге сол күйінде қалып отыр. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік құрылымның рыноктық қатынастарға тіркеле қоюының көрінісі емес пе? Одан гөрі істі рыноктық ресурстардан бастағанның өзі тиімді болмас па? – Жөн әңгіме. Жабдықтау мәселесі қазір ең қиын проблема. Шартқа отыру дегеніңіз ойыншық дүниеге айналды. Тапшы емес зат қалмаған жағдайда ол ойыншыққа айналмай қайтсін. Қолда бар қор қатаң түрде бөліске түсу арқылы орнаған тікелей байланыстар тиімді болмай шықты. «Сен маған, мен саған» деген принцип белең алды. Автобус керек пе, айырбасқа ағаш бер. Ал бір жерден ағаш табыла қалса, орнын немен толтыратыныңды сұрайды. Зат алмасу саудаға түскен кезде өнім көлемі өспейтіні белгілі. Мемлекеттік тапсырыс жайына қалды. Тіпті кәсіпорын қазір мемлекеттік тапсырыстарды орындай алмадым деген желеумен айып төлеп, ал сол өнімін өзіне қажет басқа бір затқа айырбастап алуға барып жүр. Бұл тұйықтан шығудың жолы меніңше, мемлекеттік тапсырыстың беделін көтеру. Батыстың фирмалары сол үшін күреседі. Өйткені оларда мемлекеттік тапсырыс өнім өткізу мен пайда табуға кепілдік береді. Әрине, салық салудағы жеңілдіктер, жабдықтаудағы артықшылықтар, тағы басқалар арқылы әр түрлі жеке меншік иелерінің мүдделілігін арттыруға бізде де мүмкіндіктер мол.
24.07.2013 04:50 3290

- Елімізде қайта құрудың жыл өткен сайын қарқын алып келе жатқанына қарамастан, біздің республикамыз ведомстволық шырмаудан әлі де толық арыла алмай отыр. Өндіріс көлемінің тең жартысына жуығын одақтық министрліктердің кәсіпорындары береді. Осындай жағдайда реттелетін рыноктық экономика республиканың орталықпен қатынасына өзгерістер енгізе ала ма?

– Бұл үшін ең алдымен республиканың жерге, суға, қазба байлықтарға иелігі туралы мәселені шешіп алу керек екенін жоғарыда айттым. Ал әзірге Қазақстандағы меншік туралы Заң жобасының Одақтағы осындай Заңнан айырмашылығы бар. Одақтық Заңға сәйкес, егер базалық салалар орталықтың қарауында қалса, Қазақстанның халық шаруашылығын қайта құру жөніндегі әңгіменің бәрі бос сөз боп шығады.

Ал біз Одақтың меншігіне тек қорғаныс кешені кәсіпорындары, темір жол, теңіз, әуе және құбыр транспортының жүйесі, ақпарат және байланыс, ғарыштық жүйе ғана кіруге тиіс деп есептейміз. Және бұл тұжырым Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі мақұлдаған республиканың өзін-өзі басқару Тұжырымдамасында көзделген. Бұл қарама-қайшылықты реттеуге жаңа Одақтық шарт өзінің игі ықпалын тигізер деп күтуліміз. Өйткені Одақтық шарт жаңа Конституция үшін негізге айналуға тиіс. Ал ол – мемлекеттің ешқандай декларациялар ауыстыра алмайтын негізгі Заңы. Жалпы алғанда экономикалық егемендікке қол жеткізуге бағытталған біздің табанды жұмысымызға рыноктық қатынас өзінің ықпалын тигізер деп үміттенеміз. Өйткені реттелетін рынок жоғарыдан басқаруға төзбейді. Оның бүкіл табиғаты қатар байланыстарға негізделген. Демек, реттелетін рыноктық экономика жағдайында ресурстарға бай республикамыз кедейліктің құрсауынан шығады деген дәмеміз зор.

Реттелетін рыноктық экономика күшіне енген жағдайда ол шаруашылық қызметтің басты реттеушісіне айналатыны анық. Ал бізде өзін-өзі реттеудің бүкіл механизімін тежейтін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі әзірге сол күйінде қалып отыр. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік құрылымның рыноктық қатынастарға тіркеле қоюының көрінісі емес пе? Одан гөрі істі рыноктық ресурстардан бастағанның өзі тиімді болмас па?

– Жөн әңгіме. Жабдықтау мәселесі қазір ең қиын проблема. Шартқа отыру дегеніңіз ойыншық дүниеге айналды. Тапшы емес зат қалмаған жағдайда ол ойыншыққа айналмай қайтсін. Қолда бар қор қатаң түрде бөліске түсу арқылы орнаған тікелей байланыстар тиімді болмай шықты. «Сен маған, мен саған» деген принцип белең алды. Автобус керек пе, айырбасқа ағаш бер. Ал бір жерден ағаш табыла қалса, орнын немен толтыратыныңды сұрайды. Зат алмасу саудаға түскен кезде өнім көлемі өспейтіні белгілі. Мемлекеттік тапсырыс жайына қалды. Тіпті кәсіпорын қазір мемлекеттік тапсырыстарды орындай алмадым деген желеумен айып төлеп, ал сол өнімін өзіне қажет басқа бір затқа айырбастап алуға барып жүр. Бұл тұйықтан шығудың жолы меніңше, мемлекеттік тапсырыстың беделін көтеру. Батыстың фирмалары сол үшін күреседі. Өйткені оларда мемлекеттік тапсырыс өнім өткізу мен пайда табуға кепілдік береді. Әрине, салық салудағы жеңілдіктер, жабдықтаудағы артықшылықтар, тағы басқалар арқылы әр түрлі жеке меншік иелерінің мүдделілігін арттыруға бізде де мүмкіндіктер мол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға