Жаңалықтар

Сочиде Высоцкийдің ескерткішін қиратып кетті

Ресейдің Сочи қаласында қаскөйлер атақты әртіс, әнші және ақын Владимир Высоцкийдің ескерткішін қиратып кетті. Мүсіннің оң қолының білегі және сол жағындағы саусақтары сындырылған. Бұзақылар гитараның тас-талқанын шығарып, композиция орнатылған тұғырдың бір бөлігін қопарып алды. Бүгін таң атысымен жергілікті тұрғындар мүсіннің қорланғанына куә болды. 2011 жылдың қарашасында В. Высоцкийдің құрметіне ескерткіш саяхатшылар арасында танымал Агур сарқырамасы аумағындағы Высоцкий орман алқабында салтанатты түрде ашылған болатын. Марина Влади мен Владимир Высоцкий Сочиде демалған кезде дәл осы жерде серуендегендері туралы аңыз бар. ҚазАқпарат.
24.07.2013 04:16 3054

Ресейдің Сочи қаласында қаскөйлер атақты әртіс, әнші және ақын Владимир Высоцкийдің ескерткішін қиратып кетті.

Мүсіннің оң қолының білегі және сол жағындағы саусақтары сындырылған. Бұзақылар гитараның тас-талқанын шығарып, композиция орнатылған тұғырдың бір бөлігін қопарып алды. Бүгін таң атысымен жергілікті тұрғындар мүсіннің қорланғанына куә болды.

2011 жылдың қарашасында В. Высоцкийдің құрметіне ескерткіш саяхатшылар арасында танымал Агур сарқырамасы аумағындағы Высоцкий орман алқабында салтанатты түрде ашылған болатын. Марина Влади мен Владимир Высоцкий Сочиде демалған кезде дәл осы жерде серуендегендері туралы аңыз бар.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға